Понедельник, 20 апреля, 2026
  • Бізбен хабарласыңыз
saraptimes.kz
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
saraptimes.kz
No Result
View All Result
Home Спорт

ХІХ жазғы Азия ойындарына 58 спортшы қатысады деп жоспарлануда

13 апреля, 2022
in Спорт
0
ХІХ жазғы Азия ойындарына 58 спортшы қатысады деп жоспарлануда
0
SHARES
23
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

 

Бүгін Ақпараттық-коммуникациялық орталығында Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Бауыржан Тұманбаев осылай деп мәлімдеді. Басқарма басшысы 2021 жылы атқарған жұмыстарын қортындылап алдағы жоспарлары туралы сөз қозғады.
Бауыржан Тұманбаевтың айтуынша, қалада спортпен жүйелі түрде шұғылданатын азаматтар саны 353 752 адамды құрайды.

— Биылғы жылдың маңызды іс шарасының бірі қыркүйек айында Қытай елінде өтетін ХІХ жазғы Азия ойындары. Ұлттық құрама сапында спорттың 23 түрінен 58 үміткер спортшымыз қатысады деп жоспарлануда. Олар қазіргі таңда ҚР ұлттық құрама сапында тыңғылықты дайындық жұмыстарын жүргізуде -деді спикер.

2021 жылы Шымкент қаласының спортшылары жас ерекшеліктеріне сәйкес ұлттық құрама сапында ММА-дан Әлем чемпионатына бокс, таэквондо, байдарка және гандболдан Азия чемпионаттарына және қаламыздың құрама командасының спортшылары 42 спорт түрінен Қазақстан Республикасының чемпионаттарына қатысты.
Нәтижесінде:
— Әлем чемпионатында жалпы 1 алтын, 1 күміс, 1 қола медаль;
— Азия чемпионаттарында 16 алтын, 8 күміс, 16 қола медаль;
— Қазақстан Республикасының чемпионаттарында 208 алтын, 175 күміс, 212 қола медальға қол жеткізген.

Бұқаралық спорттың жағдайы мен дамуы қажетті спорттық инфрақұрылымның болуына байланысты екенін де тілге тиек еткен спикер, қазіргі уақытта қала бойынша спорттық нысандар саны 933-ке жеткенін, 2021 жылы қала аумағындағы тұрғын алаптар мен шағын аудандарда спорттық инфрақұрылымды дамыту мақсатында 115 спорт алаңшаның құрылысы жүргізілгенін айтып өтті.

Алдыңғы жаңалық

Айкөл тұрғын алабы ауыз су және электр жарығымен қамтылған

Келесі жаңалық

Жастар ұсыныстары талқыланды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


ИП Дауренова Р.Б.
г. Шымкент
+7 707 734 9594
info@saraptimes.kz

Пайдаланушылық келісім

Saraptimes.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде saraptimes.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Билік
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Білім
  • Спорт

saraptimes.kz ақпарат агенттігі