Пятница, 17 апреля, 2026
  • Бізбен хабарласыңыз
saraptimes.kz
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
saraptimes.kz
No Result
View All Result
Home Экономика

Шымкентте үй кезегінде 48 мыңнан астам азамат тіркелген

22 апреля, 2022
in Экономика, Қоғам
0
Шымкентте үй кезегінде 48 мыңнан астам азамат тіркелген
0
SHARES
40
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Ерғали Білісбеков бекітілген кестеге сәйкес азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Онлайн режимде өткен қабылдауда азаматтар өздерін толғандырып жүрген мәселелерін баяндады. Өзекті мәселелердің басым көпшілігі тұрғын үй, жұмыспен қамту және әлеуметтік көмек түрлеріне байланысты болды.
Қабылдау барысында атап көрсетілгеніндей, қазіргі таңда Шымкент қаласында тұрғын үй алу тізімінде түрлі санаттар бойынша 48 335 азамат тіркелген. Кезекте тұрған азаматтарға пәтерлер белгіленген тәртіппен үлестіріліп келеді. Арендалық тұрғын үйлер көпбалалы отбасыларға, халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз топтарына және жұмыс істейтін жастарға қарастырылған.
Биыл азаматтардың пайдалануына жалпы 1605 сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғынжай беру жоспарлануда. Оның ішінде: жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар-54, көпбалалы отбасылар-476, халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз тобы — 218, жұмыс істейтін жастар-857.
Сондай-ақ, биылдан бастап кезекте тіркелген 1,2 топ мүгедектерге, жетім балаларға, көпбалалы және мүгедек баланы тәрбиелеуші отбасыларға Қазақстан Республикасы Үкіметі тарапынан жеке тұрғын үй қорынан тұрғынжайды жалдау ақысын субсидиялау жүзеге асырылады. Қала әкімінің орынбасары Ерғали Білісбеков қабылдау барысында жауапты басқарма мамандарына қазіргі таңда пәтер жалдап тұрып жатқан аталған санаттағы азаматтарға субсидиялау бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, бағыт-бағдар берулерін тапсырды.
Айта кету керек, Ерғали Дәулетбекұлы алдын–ала жазылу бойынша аптаның бейсенбі және жұма күндері қабылдау жүргізеді. Қабылдауға 8-7252-24-71-61 нөмірі бойынша жазылуға болады.

Алдыңғы жаңалық

Шымкентте биыл 51 мың тонна көкөніс жинау жоспарлануда

Келесі жаңалық

Депутат Қайрат Құдайбергенді қамау мерзімі бір айға ұзартылды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


ИП Дауренова Р.Б.
г. Шымкент
+7 707 734 9594
info@saraptimes.kz

Пайдаланушылық келісім

Saraptimes.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде saraptimes.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Билік
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Білім
  • Спорт

saraptimes.kz ақпарат агенттігі