Понедельник, 20 апреля, 2026
  • Бізбен хабарласыңыз
saraptimes.kz
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
saraptimes.kz
No Result
View All Result
Home Экономика

Шымкентте жыл соңында 20 мыңға жуық тұрғынды табиғи газбен қамту көзделіп отыр

25 апреля, 2022
in Экономика, Қоғам
0
Шымкентте жыл соңында 20 мыңға жуық тұрғынды табиғи газбен қамту көзделіп отыр
0
SHARES
9
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

 

Бұл туралы бүгін Ақпарттық-коммуникациялық орталығында Шымкент қаласы энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасының басшысы Боранбай Булатбеков пен «ҚазТрансГаз» АҚ газды өткізу және тасымалдау бөлімінің басшысы Жеңіс Қуанышбековтің қатысуымен өткен брифингте айтылды.

«Бүгінде, Шымкент қаласының 93 пайызы көгілдір отынмен қамтылған. Осы ретте табиғи газбен 81 елді мекеннің 42-сі толық, ал 31 елді мекен жартылай қамтылды. Бұл жылы толыққанды газбен қамту көрсеткішін 94,7 пайызға жеткізу жоспарға қойылып отыр. Яғни жылдың қорытындысы бойынша, 20 мыңға жуық адам табиғи газбен қамтылады деп күтілуде. Сондай-ақ, қаланың даму жоспарына сәйкес, 2025 жылы мегаполис тұрғындары 100 пайыз көгілдір отынмен қамтылатын болады», — деді басқарма басшысы.

Спикердің сөзінше, 2022 жылдың I тоқсаны бойынша, 9 елді мекенде газ желісінің құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатыр. Олар: Батыс, Тассай, Арғымақ, Ақтас, Нұртас, Ақтас-2, Ақжар, Қөқбұлақ, Тұран ш/а (2 кезекте).

Сонымен бірге Сәуле, Ақтас магистралдық құбырлары мен Тұран (3 кезек), Асар-2 (3 кезек), Солтүстік саяжайы елді мекендерінің газ желісі құрылысын жүргізу үшін мердігер мекемелерді анықтауға мемлекеттік сатып алу конкурсы өтуде.

Айта кетейік, қаламызда іске қосылған АГРС — 3 нысаны еліміздегі қуаттылығы ең жоғары газ тарату станцияларының бірі болып саналады. Бұл станция сағатына 250 мың текше метр көгілдір отын таратуға қауқарлы.

Алдыңғы жаңалық

Еңбекші ауданындағы көшелерді жарықтандыру жұмыстары

Келесі жаңалық

«Tассай» индустриялық аймағында 4 инвестициялық жобаны іске қосу жоспарлануда

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


ИП Дауренова Р.Б.
г. Шымкент
+7 707 734 9594
info@saraptimes.kz

Пайдаланушылық келісім

Saraptimes.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде saraptimes.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Билік
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Білім
  • Спорт

saraptimes.kz ақпарат агенттігі