Кеңес Одағының Батыры, генерал Сабыр Рахымовтың 120 жылдығына арналған мерекелік іс-шаралар аясында Шымкент қаласындағы «Жас ұлан» республикалық мектебінің тәрбиеленушілері үшін белгілі жазушы және композитор Әкім Ысқақпен кездесу ұйымдастырылды.
Жазушымен бірге кездесуге оның достары мен әріптестері, Қосжан Мүсірепов атындағы Әдебиет және өнер бірлестігінің мүшелері, оның ішінде ақын Қалима Оралова, Жамал Омарова атындағы музыка мектебінің директоры Темірғали Қуандық, сатирик, ақын және журналист Әсет Әссанди келді.
Әкім Әбдіхайымұлы Ысқақ – белгілі жазушы ғана емес, қажымас зерттеуші. Ол Кеңес Одағының Батыры, генерал Сабыр Рахымовтың өмір жолын алғашқылардың бірі болып зерттей бастады.
Мектеп тәрбиеленушілері жазушыға өздерін қызықтырған сұрақтарды қойды. Олар жазушының шығармаларын қанша жаста жаза бастағанын, оның генерал Сабыр Рахымовқа деген қызығушылығы немен байланысты екенін, қазір қандай кітаппен жұмыс істеп жатқанын білді. Әкім Әбдіқайымұлы болашақ Отан қорғаушыларды қызықтырған барлық сұрақтарға жауап берді. Жазушы мектеп кітапханасына «Тұңғыш генерал» кітабының бірнеше данасын сыйға тартты.
Әәскери мектептің бастығы, полковник Ғазиз Тілеушев сөз сөйлеп, балаларға деген ықыласы үшін Әкім Ысқаққа алғысын білдірді. Ол сондай-ақ ұландықтар мен барлық жиналғандарға әдемі танымдық кеш үшін алғысын білдірді.