Вторник, 9 июня, 2026
  • Бізбен хабарласыңыз
saraptimes.kz
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
saraptimes.kz
No Result
View All Result
Home Мәдениет

Талғат Бигелдиновтің 100 жылдығына көрме ұйымдастырылды

26 апреля, 2022
in Мәдениет, Әлеумет
0
Талғат Бигелдиновтің 100 жылдығына көрме ұйымдастырылды
0
SHARES
14
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкентте 9 мамыр – Жеңіс күні мерекесі қарсаңында, Ә.Қастеев атындағы өнер және дизайн колледжінде аты аңызға айналған ұшқыш, екі мәрте Кеңес Одағының батыры атағын алған Талғат БИГЕЛДИНОВТІҢ 100 жылдығына көрме ұйымдастырылды.
Көрмеге колледж студенттерінің 84 жұмысы қойылған. Олар кескіндеме, акварель, сурет, коллаж, компьютерлік графика, гобелен арқылы жасалған өнер туындылары. Талантты жастар негізінен портреттер мен тақырыптық композициялар бойынша туындыларын көрмеге ұсынған.
– Талғат Бигелдинов ел басына күн туған қиын шақта Отанды сүюдің, ерлік пен әскери шеберліктің таңғажайып үлгісін көрсете білді, сол арқылы өзін де, халқымызды да өшпес даңққа бөледі. Батыр бабамызды ұлықтау ұрпақтың парызы. Бүгін шәкірттеріміз коллаж техникасы бойынша жұмыстар дайындады. Дарынды жастарымыз әртүрлі дереккөздерден – фотосуреттерден, картиналардан, газеттерден және басқа да баспа материалдарынан материал жинап, басып шығарды, кейбір бөлшектерді өздері сызды. Содан кейін олар осының бәрінен ортақ ойлы композициялар жасады,- деп атап өтті колледждің «Сызу және кескіндеме» кафедрасының оқытушысы Қарлығаш ҚАНСЕЙІТ.
Ұйымдастырушылар аталған көрме студенттердің батыр бабамыздың өмірі мен ерліктерін зерделеуге деген қызығушылықтарын оятып, оған арналған шығармалар жасауға шабыт сыйлағанын айтады.

Алдыңғы жаңалық

Шымкентте импортты алмастыратын 53 жоба жүзеге асырылады

Келесі жаңалық

Азаматтық қоғамның әлеуетін нығайта түсу керек

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


ИП Дауренова Р.Б.
г. Шымкент
+7 707 734 9594
info@saraptimes.kz

Пайдаланушылық келісім

Saraptimes.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде saraptimes.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Билік
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Білім
  • Спорт

saraptimes.kz ақпарат агенттігі