Суббота, 5 сентября, 2026
  • Бізбен хабарласыңыз
saraptimes.kz
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
saraptimes.kz
No Result
View All Result
Home Қоғам

Қоршаған ортаны қорғау саласында атқарылған жұмыстар

26 апреля, 2022
in Қоғам, Әлеумет
0
Қоршаған ортаны қорғау саласында атқарылған жұмыстар
0
SHARES
20
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Бүгін Шымкент қаласы Ақпарттық-коммуникациялық орталығының брифинг алаңында қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасының басшысы Ғалымжан Ильясовтың қатысуымен қала аумағындағы қоршаған ортаны қорғау мен табиғат пайдалану саласында атқарылған жұмыстарымен және алдағы жоспарларымен бөлісті.
«2021 жылы қала аумағында жалпы 300 мыңға жуық ағаш көшеттері отырғызылды. Оның ішінде, жасыл белдеуге 200 000 дана, қала көшелеріне 75 500 дана, саябақтар мен гүлзарларға 10 000 дана ағаш көшеті егілсе, Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданындағы «Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» РММ-нен 1 500 дана сібірлік шырша, 500 дана калифорниялық терек және1850 дана түрлі ағаш көшеттері әкелініп, Дендросаябақтағы тұқымбаққа отырғызылды», — деді басқарма басшысы.
Сонымен қатар, қала аумағындағы каналдар мен өзендер арналарын тазарту, егістік жерлерді суару каналдарының су өткізу қабілетін жақсарту мақсатында ағымдағы жылы мемлекеттік-жекешелік əріптестік шеңберінде жалпы ұзындығы 131 шақырым құрайтын 18 каналға механикалық тазалау жұмыстары жүргізілді. Каналдардың бойында орналасқан елді мекендер арасында санитарлық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында ағымдағы жылы жалпы ұзындығы 97,7 шақырымды құрайтын 9 каналға санитарлық тазалау жұмыстары жүргізілсе, Қошқар-ата өзенінің бойында орналасқан балалар бассейніне ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Қаланың ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін сумен қамтамасыз ету деңгейін арттыру мақсатында Сайрам су каналының оң жағалауындағы күрделі жөндеу жұмыстары толығымен аяқталып, Көк, Чумчак каналдарындағы күрделі жөндеу жұмыстары жалғасуда. Сонымен қатар, «Текесу» су қоймасының қауіпсіздік декларациясы мен «Бозарық» каналына зерттеу актісі жасалды.

Алдыңғы жаңалық

Сәулелі диагностикалық орталық ашылды

Келесі жаңалық

Грантты қорғау басталды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


ИП Дауренова Р.Б.
г. Шымкент
+7 707 734 9594
info@saraptimes.kz

Пайдаланушылық келісім

Saraptimes.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде saraptimes.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Билік
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Білім
  • Спорт

saraptimes.kz ақпарат агенттігі