Воскресенье, 19 апреля, 2026
  • Бізбен хабарласыңыз
saraptimes.kz
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
saraptimes.kz
No Result
View All Result
Home Білім

Инвестициялық жобалар арқылы 208 жұмыс орны ашылады

27 апреля, 2022
in Білім, Экономика, Қоғам
0
Инвестициялық жобалар арқылы 208 жұмыс орны ашылады
0
SHARES
8
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter


Биыл Шымкентте 24 млрд теңгені құрайтын 4 инвестициялық жоба іске асырылады деп жоспарланып отыр. Бұл туралы Шымкент қаласының кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы хабарлады. Басқарма мамандары «Оңтүстік» индустриялық аймағында биыл іске қосылатын жоспардағы инвестициялық жобалардың іске асырылу барысымен танысты.
Инвестициялық жобалардың бірі — «ЦветЛит» ЖШС. Бұл өндіріс арқылы алюминий катанкасын өндірудің өндірістік қуатын арттырып, алюминий қорытпаларын өндірудің жаңа желісі ашылады. Жобалық қуаттылығы жылына — 25 мың тонна. Ал, алюминий банкаларын шығаратын «QazAlPack» зауыты іске қосылса жылына 500 млн дана өнім өндіреді деп жоспарлануда. «Нұр-kz» ЖШС — түсті металл бұйымдарын құюға арналған шағын зауыттың жобалық қуаттылығы жылына 3000 тонна бұйымдар шығару. «Ahmet Tas» ЖШС — сәндік сылақ, құрғақ құрылыс қоспалары өндірісі жылына 3100 тонна құрғақ құрылыс қоспаларын шығаруға қауқарлы.
«Оңтүстік» индустриялық аймағында импорт алмастыру мақсатындағы бұл 4 инвестициялық жоба іске қосылса, биыл 208 жұмыс орнын ашылады деп күтілуде.

Алдыңғы жаңалық

Қаратау ауданында инфрақұрылым 2023 жылы толық шешіледі

Келесі жаңалық

Азат шағын ауданы инфрақұрылым жайы

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


ИП Дауренова Р.Б.
г. Шымкент
+7 707 734 9594
info@saraptimes.kz

Пайдаланушылық келісім

Saraptimes.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде saraptimes.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Билік
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Білім
  • Спорт

saraptimes.kz ақпарат агенттігі