Воскресенье, 19 апреля, 2026
  • Бізбен хабарласыңыз
saraptimes.kz
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
saraptimes.kz
No Result
View All Result
Home Денсаулық

Шымкентте медициналық мекемелердің материалдық-техникалық базасын нығайтуға 6.2 млрд. теңге жұмсалды

29 апреля, 2022
in Денсаулық
0
Шымкентте медициналық мекемелердің материалдық-техникалық базасын нығайтуға 6.2 млрд. теңге жұмсалды
0
SHARES
7
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкентте медициналық мекемелердің материалдық-техникалық базасын нығайтуға бюджеттен 6.2 миллиард теңге жұмсалған. Бұл туралы бүгін Абай ауданының тұрғындарымен кездескен қала әкімі Мұрат Әйтенов айтты.
Шаһар басшысының айтуынша, өткен жылы қалада жаңадан 1 мемлекеттік және 4 жекеменшік клиника ашылған болса, 2022 жылы 7 жекеменшік клиника ашылу жоспарда бар.
–Қазір орталықтан шалғайда орналасқан елді мекендерде бастапқы медициналық-санитарлық пункттер мен дәрігерлік амбулаториялар бар. Тұрғындар бейіндік дәрігерлерге қаралу немесе анализдер тапсыру үшін орталықтағы емханаларға баруға мәжбүр. Біз жеке инвесторлардың есебінен емдеу мекемелерін көбейтіп жатырмыз. Бір емханада кемінде 60 мың адам болады. Жоспарға сәйкес, 2025 жылға қарай дәрігерлік амбулаториялардың орнына әр шағынаудан мен тұрғын алаптың өзінің толыққанды емханасы ашылады. Онда барлық бағыттар бойынша бейіндік дәрігерлер мен заманауи медициналық құрал-жабдықтар болады және өз зертханалары жұмыс істейді. Емханаға түсетін жүктеме азайуының арқасында медициналық қызметтің сапасы да жақсарады, – деді Шымкент қаласының әкімі Мұрат Дүйсенбекұлы.
Шаһар басшысының айтуынша, келесі жылы Шымкенттегі Бозарық елді мекенінен жеке инвестордың қаржысына 1 000 төсек-орынды аурухананың құрылысы басталып, ол да 2025 жылға қарай іске қосылады.
–Онда ең соңғы үлгідегі медициналық құрал-жабдықтар орнатылады. Инвестор елдегі ең білікті дәрігерлерді топтастыруды, сондай-ақ, шетелдерден де білікті дәрігерлер алдыруды жоспарлап отыр. Мұндай аурухана Шымкентті медициналық туризмнің орталығына айналдырады, – деді шаһар басшысы.

Алдыңғы жаңалық

Мұрат Әйтеновтің Абай ауданы тұрғындарымен кезекті кездесуі өтті

Келесі жаңалық

Абай ауданында 32 ойын және спорт алаңшалары салынды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


ИП Дауренова Р.Б.
г. Шымкент
+7 707 734 9594
info@saraptimes.kz

Пайдаланушылық келісім

Saraptimes.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде saraptimes.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Билік
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Білім
  • Спорт

saraptimes.kz ақпарат агенттігі