Воскресенье, 19 апреля, 2026
  • Бізбен хабарласыңыз
saraptimes.kz
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
saraptimes.kz
No Result
View All Result
Home Қоғам

Шымкентте Асар-2 елді мекеннің тұрғындары табиғи газға қосылды

29 апреля, 2022
in Қоғам, Әлеумет
0
Шымкентте Асар-2 елді мекеннің тұрғындары табиғи газға қосылды
0
SHARES
13
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қаласы Асар-2 елді мекені тұрғындарын табиғи газға қосу жұмыстары жалғасып жатыр.
Бүгін Асар-2 елді мекеніндегі 13 үйге көгілдір отын беріле бастады. Абоненттеу жұмыстары «ҚазТрансГаз» АҚ-ы тарапынан жүзеге асырылып жатыр.
—Өткен жылдары Шымкентте газ тапшылығына байланысты жаңа абоненттермен техникалық ш арт жасасуға мараторий жарияланған болатын. Биыл 31 қаңтар күні сол шектеу алынып тасталды. Содан бері 2 мыңнан астам тұтынушымен техникалық шарт жасалған. Ал, жақында еліміздегі ең ірі автоматтандырылған газ тарату станцияларының бірі — АГРС-3 станциясы іске қосылғаны белгілі. Оның қуаттылығы сағатына 250 мың текше метрді құрайды. Нәтижесінде, Шымкентте газ тапшылығы мәселесі толығымен шешіліп, ішкі жүйелері жүргізілген барлық елді мекендерге газ беріле бастады. Соның ішінде бүгін Асар-2-де 13 тұрғын үй газға қосылды, — дейді Шымкент қаласы әкімдігі энергетика басқармасының басшысы Боранбай Болатбеков.
Басқарма басшысының айтуынша, бүгінде 2021 жылы құрылысы аяқталған Бадам-195 орам, Достық, Азат, Асар-2 елді мекендері және Тассай бөлімшесіне газ беру үшін дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Айта кетейік, қазіргі уақытта қала тұрғындарының 93 пайызы көгілдір отынмен қамтылған. 2022 жылдың қорытындысы бойынша бұл көрсеткішті 94,7 пайызға жеткізу көзделіп отыр.

Алдыңғы жаңалық

Солтүстік Батыс шағынауданында асфальт төсеу жұмыстары жүргізіледі

Келесі жаңалық

Самал-3 шағынауданы инфрақұрылым жүйелерімен қамтылған

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


ИП Дауренова Р.Б.
г. Шымкент
+7 707 734 9594
info@saraptimes.kz

Пайдаланушылық келісім

Saraptimes.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде saraptimes.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Билік
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Білім
  • Спорт

saraptimes.kz ақпарат агенттігі