Понедельник, 20 апреля, 2026
  • Бізбен хабарласыңыз
saraptimes.kz
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
saraptimes.kz
No Result
View All Result
Home Экономика

Шымкентте мыңнан астам жұмысшының еңбекақы қарызы өндірілді

29 апреля, 2022
in Экономика, Қоғам
0
Шымкентте мыңнан астам жұмысшының еңбекақы қарызы өндірілді
0
SHARES
14
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкентте жыл басынан бері 1271 жұмыскердің 200 миллион теңгеден астам жалақы қарызы өндірілген. Бұл туралы дүниежүзілік еңбекті қорғау күніне орай өткен әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу бойынша үш жақты комиссия отырысында мәлім болды.
Қала әкімінің орынбасары Ерғали Білісбековтың төрағалымен өткен жиында азаматтардың еңбек ақысын төлету және ұжымдардағы әлеуметтік шиеленістің алдын алу, тұрақтылық пен еңбекақыны көтеру, еңбек қауіпсіздігі және қорғау бағытында атқарылып жатқан өзекті мәселелер көтерілді.
—Қала басшылығы ретінде мен үшін осы қаланың әр азаматы қымбат. Адамның маңдай терімен тапқан еңбек ақысын бермеуге болмайды. Сол себепті жұмыскерлердің құқығын қорғау жұмысын күшейту қажет. Сондай-ақ, талай жылдан бері бір жұмыс орнында тапжылмай еңбек етіп жүрген азаматтарды ынталандырып, марапатқа ұсынған жөн,-деді Е.Білісбеков.
Жалпы, Шымкент қаласының аумағында тіркелген 26 967 заңды тұлғаларда 400 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылған.
Биыл сондай-ақ, ҚР Үкіметінің 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобаға сәйкес, 33 500 азаматты жұмыспен қамту жоспарланып отыр. Оның ішінде бүгінгі күнге 6000-ға жуығы ұлттық жоба аясында жұмыспен қамту шараларына тартылған.
Комиссия отырысында қаладағы бірқатар жұмыс орындарының жұмыскерлері де марапатталды. «Үздік қауіпсіз кәсіпорын» номинациясы бойынша «Интергаз Орталық Азия» АҚ-ның «Шымкент» Магистратральдық газ құбырлары басқармасы марапатталды. «Үздік еңбекті қорғау қызметі» номинациясына «ҚазТрансГазАймақ» АҚ-ның Шымкент өндірістік филиалының қауіпсіздікті, еңбекті қорғау және экология қызметі басшылығына табысталды. «Үздік еңбекті қорғау инженері» номинациясымен «Энергопоток» ЖШС қызметкері Қайдарбек Нұрмаханов марапатталды.

Алдыңғы жаңалық

Жолдар жөнге келуде

Келесі жаңалық

Түркістандық теннисші BASELINE OPEN U14 турнирінің чемпионы

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


ИП Дауренова Р.Б.
г. Шымкент
+7 707 734 9594
info@saraptimes.kz

Пайдаланушылық келісім

Saraptimes.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде saraptimes.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Билік
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Білім
  • Спорт

saraptimes.kz ақпарат агенттігі