Воскресенье, 19 апреля, 2026
  • Бізбен хабарласыңыз
saraptimes.kz
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
saraptimes.kz
No Result
View All Result
Home Экономика

Кәсіп бастап жатқан жастар көп

4 мая, 2022
in Экономика, Қоғам
0
Кәсіп бастап жатқан жастар көп
0
SHARES
58
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter


Шымкентте мемлекеттік қайтарымсыз грант алып кәсіп бастап жатқан 29 жасқа дейінгі жастардың саны артып келеді. Солардың бірі — Айдын Ниязбаева. Ол өткен жылы қалалық жұмыспен қамту орталығына жұмыссыз ретінде тіркеліп, көлемі 200 АЕК (584.000 тг.) құрайтын мемлекеттік грантқа үміткер ретінде өтінім беріп, тиісті құжаттарын тапсырған. Нәтижесінде комиссия оның шағын баспа өнімдерін шығаруға арналған бизнес жобасын мақұлдап, көп ұзамай тиісті қаражат тағайындалған. Нәтижесінде баспа қызметіне арналған түрлі-түсті принтер мен ноутбук сатып алған. Бүгінде инстаграм арқылы тапсырыс қабылдап, визиткалар, қызметтік куәліктің жапсырмаларын, алғыс хаттар мен басқа да баспа өнімдерін шығаруда.
Жалпы, 2021 жылы 700-ден астам шымкенттік 200 АЕК көлеміндегі мемлекеттік қайтарымсыз грантқа қол жеткізген болса, ағымдағы жылы 6 лек (поток) бойынша барлығы 1150 адамды қамту жоспарлануда.
Айта кету керек, ағымдағы жылдың 1-14 сәуірі аралығында бірінші лек бойынша 2019,2020,2021 жылдары “Бизнес бастау” жобасымен оқудан өтіп сертификат алғандар 400-ден астам онлайн өтінім қабылданған. Оның 336-сы комиссияға ұсынылған. Нәтижесінде 226 азаматтың бизнес жоспары мақұлданып, оларға тиісті грант қаржысы тағайындалу үстінде.

Алдыңғы жаңалық

Шымкент конькиі-2022 турнирі басталды

Келесі жаңалық

«Ерлік пен Батырлық - Бабалар мұрасы»

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


ИП Дауренова Р.Б.
г. Шымкент
+7 707 734 9594
info@saraptimes.kz

Пайдаланушылық келісім

Saraptimes.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде saraptimes.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Билік
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Білім
  • Спорт

saraptimes.kz ақпарат агенттігі