Воскресенье, 19 апреля, 2026
  • Бізбен хабарласыңыз
saraptimes.kz
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
saraptimes.kz
No Result
View All Result
Home Экономика

Шымкентте 450 шақырым көшеге жол таңбалары сызылады

7 мая, 2022
in Экономика, Қоғам
0
Шымкентте 450 шақырым көшеге жол таңбалары сызылады
0
SHARES
7
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қаласында биыл 450 шақырым көшенің жол таңбалары жаңартылып, сызылады. Оның ішінде 250 шақырым жол таңбалары термопластикпен сызылса, қалған 200 шақырымы акрилді бояумен сызылады.
Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігі жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасынан хабарлады.
–Шымкент қаласында жалпы ұзындығы 3200 шақырымнан астам көше болса, соның 1500 шақырымы жол таңбаларын сызуға жатады. Биыл соның 450 шақырымын жаңартуға қала бюджетінен 340 миллион теңге қаржы бөлініп отыр. Негізінен орталықтағы магистралды көшелерге 250 шақырым жол таңбалары термопластикпен сызылады. Қолданыстағы стандарттар бойынша оның қызмет ету мерзімі 6 айды құрайды. Яғни, бұл таңбалар акрилді бояуға қарағанда 2 есе ұзақ сақталады, – дейді Шымкент қаласы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының бөлім басшысы Нұрбол Ілесов.
Оның айтуынша, көлік қозғалысына кедергі келтірмеу үшін жол таңбалары түнгі мезгілде сызылып жатыр. Бүгін Желтоқсан көшесінің бойында осындай жұмыстар жүргізілді. Ал, жалпы осы күнге дейін барлығы 35 шақырым көшенің таңбалары жаңартылып үлгерген. Мамандардың айтуынша, ауа райының және қоршаған ортаның әсеріне байланысты таңбалар тозған жағдайда күз айларында ішінара қайта сызылуы мүмкін.

Алдыңғы жаңалық

Референдумды қоғамдық қолдаудың қалалық штабы құрылды

Келесі жаңалық

Мәслихат хатшысы ардагерлерді мерекемен құттықтады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


ИП Дауренова Р.Б.
г. Шымкент
+7 707 734 9594
info@saraptimes.kz

Пайдаланушылық келісім

Saraptimes.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде saraptimes.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Билік
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Білім
  • Спорт

saraptimes.kz ақпарат агенттігі