Воскресенье, 19 апреля, 2026
  • Бізбен хабарласыңыз
saraptimes.kz
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
saraptimes.kz
No Result
View All Result
Home Cаясат

Өңірлік комиссиялар отырысы өтті

12 мая, 2022
in Cаясат
0
Өңірлік комиссиялар отырысы өтті
0
SHARES
7
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қаласы әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия мүшелері Парламент депутаттарының бастамасымен дайындалған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне отбасы институтын нығайту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасының нормаларын түсіндіру бойынша республикалық кеңес отырысына онлайн қатысты. Жиынды ҚР Президенті жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия төрайымының орынбасары Салтанат Тұрсынбекова жүргізді.

Жиын барысында отбасы институтын нығайту, ата-ананың бала алдындағы жауапкершілігін күшейту, отбасылық зорлық-зомбылықтың алдын алу және салдарымен күресіп, жәбір көрген отбасы мүшелеріне психологиялық көмек берудің жолдары қарастырылды. Сондай-ақ, отбасы институтын нығайту үшін өңірлерде арнайы отбасы істері басқармасын құру мәселесіне де қажеттілік туындап отырғаны айтылды.
Салтанат Тұрсынбекованың айтуынша, отбасылық зорлық-зомбылықтан зардап шеккен азаматтарға көмек көрсететін дағдарыс орталықтары тек облыс орталықтарында ғана бар.

— Яғни, бұл республика көлеміндегі мәселені түбегейлі шешуге көмектесе алмайды. Сондықтан дағдарыс орталықтарының жүйелік проблемаларын шешу мәселенің алға жылжуына көмектеседі. Мәселен, 2017 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы кезінде өңірге қарайтын 14 ауданды толығымен аралап, отбасылық зорлық-зомбылықтың алдын алу үшін не істей алатынымызды, оның шығу себептерін анықтаған болатынбыз. Мектептегі жалғыз психологтың жүктемесі тым көп. Оның ата-анамен жұмыс істеп, себебін анықтаудан бөлек, оқушыға уақыты жетпейді. Бұл өңірлерде отбасылық психологиялық сүйемелдеу орталықтарына қажеттілік туындап отырғанын көрсетеді,-деді Салтанат Пархатқызы.

Жиын барысында айтылған мәселелер негізінде республикадағы өңірлік комиссиялар алдағы уақытта ұсыныстарын айтатын болады. Оған Шымкент қаласы әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия да атсалысады

Алдыңғы жаңалық

Инвестиция тартуда оң нәтиже

Келесі жаңалық

Шымкентте республикалық штабтың мүшесі ұстаздармен кездесті

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


ИП Дауренова Р.Б.
г. Шымкент
+7 707 734 9594
info@saraptimes.kz

Пайдаланушылық келісім

Saraptimes.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде saraptimes.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Билік
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Білім
  • Спорт

saraptimes.kz ақпарат агенттігі