Воскресенье, 19 апреля, 2026
  • Бізбен хабарласыңыз
saraptimes.kz
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
saraptimes.kz
No Result
View All Result
Home Қоғам

Достық шағын ауданында кәріз жүйесінің құрлысы жүруде

12 мая, 2022
in Қоғам
0
Достық шағын ауданында кәріз жүйесінің құрлысы жүруде
0
SHARES
9
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Қаратау ауданына қарасты Достық шағын ауданында 9 мыңға жуық тұрғын қоныстанған. Бір мектеп, үш балабақша, медицина және учаскелік полиция бекеті жергілікті халық игілігіне қызмет етеді. Бүгінде шағын ауданда кәріз жүйесінің құрылыс жұмыстары қызу жүруде.

Бұл туралы қала әкімінің Асар аумағындағы тұрғындармен кездесуі барысында аудан әкімі Р.Мүлкеманов айтты.

Шағын аудан ауыз су, жекеменшік жүйедегі электр жарығымен, табиғи газбен қамтылған. Кәріз жүйесі құрылысы жүруде, жыл соңында аяқтау жоспарланған. Жаңақұрылыс аумағындағы инфрақұрылым жүйесі жобасына енбеген 425 абонентті де қазір ауыз су, сапалы электр жүйесі, көгілдір отынмен қамтамасыз ету мақсатында абоненттеу жұмыстары жүргізілуде.

2023 жылы сапалы интернетпен қамтылмақ.

Мұндағы 52 көшенің 22-сі асфальт жол, 26-сы тас жол, 4-уі топырақ жол. 2023 жылы – 14 көше, 2024 жылы – 8 көше, 2025 жылы – 13 көше асфальтталады.

Биыл Ақбосаға және атауы жоқ көшелер жарықтандырылады. 2023 жылы – Алғыс және мектеп көшелері; 2024 жылы – Айтұмар, Айдарлы; 2025 жылы – Мамыражай және Жайсаң көшелеріне жарықшамдар орнатылады.

Өткен жылы 2 ашық спорт алаңшасы пайдалануға берілді. Осы жылы 1 ашық спорт алаңшасын салу жоспарланған.

№ 2, 45, 150 бағытындағы қоғамдық көліктер қатынайды.

Алдыңғы жаңалық

Ақжайықта 10 балалар ойын алаңшасы салынуда

Келесі жаңалық

Асар-2 шағын ауданы инфрақұрылым жүйесімен келер жылы толығымен қамтылады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


ИП Дауренова Р.Б.
г. Шымкент
+7 707 734 9594
info@saraptimes.kz

Пайдаланушылық келісім

Saraptimes.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде saraptimes.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Билік
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Білім
  • Спорт

saraptimes.kz ақпарат агенттігі