Воскресенье, 19 апреля, 2026
  • Бізбен хабарласыңыз
saraptimes.kz
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
saraptimes.kz
No Result
View All Result
Home Қоғам

Түркістандық жастар арасында тартысты дебат турнирі өтті

«Ақ жол» партиясы Түркістан облыстық филиалының ұйымдастыруымен жастар арасында дебат өтті.

14 мая, 2022
in Қоғам
0
Түркістандық жастар арасында тартысты дебат турнирі өтті
0
SHARES
23
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Аталған пікірсайыс американдық парламенттік форматта өтті. Сөзжарыстың алғашқы кезеңінде 20 фракция қатысса, екінші кезеңіне 4 фракция ғана жолдама алды.

Оппозиция мен Үкімет мүшелері өз «кейстерін» дайындап, пікірлерін қорғауға тырысты. Талқыға түскен тақырып:

🔘 «ҚР-да саяси партиялар арасында бәсекелестікті арттырудың тиімді механизмін ұсынады»
🔘 «ҚР-да 3 тілділік құрдымға әкеледі деп есептейді».

Жас дебатерлар аталмыш тақырыпта өзіндік пікірлерін білдірумен қатар, көзқарастарын сенімді қорғады. Дәлелді фактілерді келтіре отырып, ой жүйріктігін көрсетті.

Үкімет бала туылғаннан бастап үштілді үйрену керек десе, қарсы тарап қажеттілік туындағанда ғана тіл үйренуге болатынын жақтап шықты. Тіл білудің дұрыс және бұрыс тұстарын да атап өтті.

 

«Осындай турнирлердің арқасында жастар сыни тұрғыдан ойлай алады. Қандай да бір мәселелерді шешуде креативті көзқарас дағдыларын дамыта алады. Пікірсайыс деген — дәлелді сөз саптауға баулиды, балаларды өз ой-пікірін нақты әрі тұжырымды жеткізе алуына көмек береді», — дейді «Ақ жол» партиясы Түркістан облыстық филиал төрағасының орынбасары Нұржан Есенбаев.

Дебат ойынының соңында әділ-қазылар топтардың жұмысын бағалап, тиісті марапаттарын тапсырды және қатысушылар арасынан үздік спикерді атады.

Пікір-сайыстың қорытындысы бойынша жүлделі ІІІ орынды Мадина Үсен мен Рақымжан Есбалта иемденсе, жүлделі ІІ орын Арман Бақтияр мен Алмас Баймұратқа бұйырды.

Ал, жүлделі І орын Жанна Серік пен Сағи Қанжігітке бұйырды.

“Үздік спикер” атағын Атабек Ағабек жеңіп алды.

Алдыңғы жаңалық

ҚР Парламенті Сенатының депутаты белсенді жастармен кездесті

Келесі жаңалық

Тұрғындар көтерген мәселелер шешімін тауып келеді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


ИП Дауренова Р.Б.
г. Шымкент
+7 707 734 9594
info@saraptimes.kz

Пайдаланушылық келісім

Saraptimes.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде saraptimes.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Билік
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Білім
  • Спорт

saraptimes.kz ақпарат агенттігі