Воскресенье, 19 апреля, 2026
  • Бізбен хабарласыңыз
saraptimes.kz
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
saraptimes.kz
No Result
View All Result
Home Мәдениет

Шымкентте балалар туризм апталығы басталды

17 мая, 2022
in Мәдениет, Қоғам
0
Шымкентте балалар туризм апталығы басталды
0
SHARES
44
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter


​

 

Айта кетейік, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың шешімімін 2022 жыл – Балалар жылы болып жарияланған болатын. Осыған орай, Шымкент қаласы Туризм және сыртқы байланыстар басқармасының «Visit Shymkent» туристік ақпараттық орталығы 16-20 мамыр, яғни апта бойы қаланың түрлі тарихи-мәдени орындарына тегін саяхат жасауды қолға алып отыр. «Балалар туризм апталығы» деп аталатын экскурсияға Шымкент қаласының ең танымал туристік орындары біріктірілген. Атап айтқанда: «Кең баба» этно-саябағы, жасөспірімдерге арналған қуыршақ театры, Ордабасы алаңы, «Shym Qala» тарихи-мәдени кешені, Тәуелсіздік саябағы, Даңқ мемориалы, Бейнелеу өнері музейі, Бәйдібек би монументі, облыстық тарихи-өлкетану музейі және Зообақ секілі демалыс аймақтары қарастырылған. Онда балалар жоғарыда аталған орындардың тарихымен кеңінен танысатын болады. Ол үшін орталықтың гид-экскурсоводтары балаларға құнды ақпараттарымен бөлісіп, бұл орындардың маңызына тоқталады. Одан өзге, балаларға арналған танымдық ойындар ойнатылып, тәттілер беріледі.
Жалпы, балалар туризмі — 7-15 жас аралығындағы балаларға арналған саяхаттар мен экскурсиялар, танымдық және рекреациялық балалар туры. Ол баланың жан-жақты өсіп жетілуіне, ақыл-парасат деңгейінің артуына, қоршаған ортаны қорғауға, өз-өзін көрсете алуына және тағы басқа да қабілеттерін арттыруға септігін тигізеді. Қолда бар мәліметке сүйенсек, бүгінгі күнде «Балалар туризм апталығы» экскурсиясына 150-ден астам бала тіркеуден өткен. Бағдарлама бойынша нысандар әр күнге бөлінген. Балалар өзі қалаған күнді, нысанды таңдай алады. Ол үшін «Visit Shymkent» туристік ақпараттық орталығының +7 701 102 17 17 нөміріне байланысып, ақпарат алуға және тіркелуге болады.

Алдыңғы жаңалық

Биыл Шымкент газбен 94,7 пайызға қамтылады

Келесі жаңалық

STEAM JasSpace: Атырауда жастар мен жасөспірімдерге арналған кеңістік ашылды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


ИП Дауренова Р.Б.
г. Шымкент
+7 707 734 9594
info@saraptimes.kz

Пайдаланушылық келісім

Saraptimes.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде saraptimes.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Билік
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Білім
  • Спорт

saraptimes.kz ақпарат агенттігі