Шымкентте Конго-Қырым геморрагиялық қызбасымен бір науқас жан-сақтау бөлімінде ем қабылдап жатыр деп хабарлайды saraptimes.kz. Бұл туралы қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінде айтылды. Түркістан облысы Бәйдібек ауданының 46 жастағы тұрғыны бір апта бойы үй жағдайында емделіп, кейін Шымкенттегі жұқпалы аурулар ауруханасына жеткізілген. Дәрігерлер науқастың жағдайы ауыр, — дейді. Науқаспен қарым-қатынаста болған 15 адам оқшауланып, бақылауға алынды. Оның тоғызы медицина қызметкері. Айта кетейік, Шымкент қаласы конго-қырым геморрагиялық қызбасы ауруына қолайсыз аймақ. Қолда бар мәліметке сүйенсек өткен жылы дерттің екі жағдайы тіркелді. Ал биыл кене шағып медициналық көмекке 284 адам қаралған. Бұл өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда үш есеге көп делінген ақпаратты.
«Түркістан облысы, Бәйдібек ауданының 46 жастағы тұрғыны «Асқазан-ішектен қан кету. Ауыр дәрежелі деңгей» диагнозымен Облыстық клиникалық ауруханаға жедел жәрдем көлігімен жүгінді. Осы күні науқас Конго-Қырым геморрагиялық қызбасына ықтимал диагнозымен Шымкент қаласының жұқпалы аурулар ауруханасына ауыстырылды. Індеттің алдын алу мақсатында кешенді эпидемиологиялық, зоопаразитологиялық және ветеринарлық алдын алу іс шаралары тиісті мамандармен жалғасуда.» — дейді қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің өкілдері.
Айта кетейік, Вирустың резервуары болып майда жабайы құрт құмырсқалар жатады: орман тышқаны, кішкентай сарышұнақ, русак-қояны, құлақты кірпі. Кене тасмалдаушы және сақтаушы болып табылады, Hyalomma туыстастығынан шыққан. Ауру көбінесе маусымдық мезілдерге байланысты, әсіресе мамыр және тамыз айларында көп кездеседі (биздің елде көбінесе). Ауру көбінес Крымда байқалады, Астраханскта, Ростовск ауданында, Краснодарда және Ставропольскте және Орталық Азияда, Қытайда, Болгарияда, Югославияда, көбінесе Африка елінің Сахараның оңтүстігінде байқалады (Конго, Кения, Уганда, Нигерия және т.б.). Көбінесе ауру адамдардың 80%нің жастары 20 пен 60 жас аралығында шалдығады.