Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Берік Әбдіғали Шымкентке жұмыс сапарымен келді деп хабарлайды saraptimes.kz. Айта кетейік депутат пен жергілікті зиялы қауым өкілдерінің жүздесуі «Әл-Фараби» кітапханасында өтті. Жиынға халық қалаулысымен бірге арнайы Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан, Шалатай Мырзахметов бастаған қоғам қайраткерлері, ақын-жазушылар, қоғам белсенділері қатысты. Жиынд алаш сөз алған ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Берік Әбдіғалиұлы алдымен жуырда Қазақстан қоғамында болатын саяси оқиға – жалпы халықтық референдумға тоқталып, Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асырылып жатқан саяси реформаларға кеңіннен түсіндіріп өтті. Мәжіліс депутатының пікірінше, Ата заңымызға енгізілгелі тұрған өзгерістер ел дамуына оң әсер етеді дейді. Бұған қоса қазіргі таңдағы өзекті мәселенің бірі – тіл, оның ішінде қазақ тілінің дамуы туралы сөз қозғалды.
– Ана тіліміз – қазақ тілінің, мемлекеттік тілдің дамуы қазір барлығымызды дерлік ойландырып жүргені рас. Мәселе тілде емес, өзімізде деп едім. Алдымен туған тілімізге деген қарым-қатынасымызды реттеп, сапалы деңгейге көтеруіміз керек. Әр азаматтың бойынша тілге деген құрмет сақталуы тиіс. Тіл, алдымен, өзімізге керек. Сонда ғана ана тіліміздің дамуы жаңа деңгейге көтерілер еді, – деді Мәжіліс депутаты.
Айта кетейік, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Берік Әбдіғали 2021 жылдың қараша айында Түркістан қаласында өткен құрылтайда халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының президенті болып сайланған еді. Бүгінгі басқосуда жергілікті тіл жанашырлары да ортаға шығып, қазақ тілінің дамуы туралы ойларын ортаға салып, өзара пікір алмасты. Сондай-ақ, көкейлерінде жүрген сауалдарын қойып, нақты жауаптарын алды.