Понедельник, 20 апреля, 2026
  • Бізбен хабарласыңыз
saraptimes.kz
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
saraptimes.kz
No Result
View All Result
Home Экономика

Шымкентте 500-ге жуық азаматтың үйді жалдау ақысын субсидиялау өтінімі мақұлданды

18 мая, 2022
in Экономика, Қоғам
0
Шымкентте 500-ге жуық азаматтың үйді жалдау ақысын субсидиялау өтінімі мақұлданды
0
SHARES
35
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

 

Президент тапсырмасына сәйкес азаматтардың жекелеген санатының баспана мәселесін жедел шешу мақсатында жалға алған тұрғын үйді субсидиялау тетігі іске қосылды. Айта кетейік, Бүгінде Шымкент қаласын бойынша тұрғын үйдің жалдау ақысын субсидиялау бойынша баспана кезегіндегі 493 азаматтың өтінімі мақұлданды. Бүгін Шымкент қаласының тұрғын үй басқармасының басшысы Жанат Утебаева 40-қа жуық азаматты қабылдап, баспана мәселесіне қатысты түсіндіру жұмысын кеңінен түсіндірді. Айта кетейік, Тұрғын үй жалдау төлемдерін субсидиялау бағдарламасына кезекте тұрған 1 және 2 топтағы мүгедектер сондай-ақ, мүмкіндігі шектеулі балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасылар және ата-анасының қамқорлығынан айырылған балалар сондай-ақ, көп балалы отбасылар қатыса алады. Қолда бар мәліметке сүйенсек, баспана ақысын субсидиялау үшін үміткерлер қатарындағы отбасылардың соңғы 6 айдағы орташа жиынтық табысы отбасының әрбір мүшесіне шаққанда ең төменгі күнкөріс деңгейінен (1 КМ = 36 018 теңге 01.01.2022 ж. жағдай бойынша) аспауы тиіс. Бүгінде өтінімдер электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) көмегімен www.otbasybank.kz сайтында онлайн түрде қабылдануда. Сонымен қатар, субсидия алуға үміткердің «Отбасы банкте» депозиттік шоты болуы тиіс. Айта кетйік, азаматтар тұрғын үйдің жалдау ақысын субсидиялау бойынша қосымша ақпаратты Шымкент қаласы Бейбітшілік 3, мекенжайында орналасқан «Amanat» партиясының қалалық филиалындағы «Отбасы банк» қызметкерлерінен алуға болады. Айта кетейік, Өтінімдер Мемлекет басшысының тапсырмасы негізінде 2022 жылдың 18 сәуірінен бастап қабылданған болатын.

«2022 жылы азаматтарымызды қолдауға 50 миллиард теңге қарастырылған. Оның 40 миллиард теңгесін республикалық бюджеттен алу көзделсе, 10 миллиард теңгесін жергілікті әкімдіктер бөледі. Бюджеттен қаржыландыру мамыр айында күтіледі. Жаңа бағдарлама шамамен 70 000 адамды қамтымақ, олар жалдау ақысының 50 пайызын алады. Қазақстандықтар қысқа мерзімде, кезексіз өтінім беруі үшін бүкіл процесті онлайн режимге аудардық», — деп түсіндірді «Отбасы банк» АҚ басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова.

Алдыңғы жаңалық

Тұрғын үй реформасы сәтті іске асуда

Келесі жаңалық

Ауыз су инфрақұрылымы 2023 жылы толық шешіледі

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


ИП Дауренова Р.Б.
г. Шымкент
+7 707 734 9594
info@saraptimes.kz

Пайдаланушылық келісім

Saraptimes.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде saraptimes.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Билік
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Білім
  • Спорт

saraptimes.kz ақпарат агенттігі