Бірінші тоқсанда 11мыңнан астам отбасыға аәк тағайындалған деп хабарлайды saraptimes.kz. Айта кетейік, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек 2022 жылдың 1 тоқсан қорытындысы бойынша мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға аз қамтамасыз етілген 11 679 отбасыға (57 407 адам) тағайындалды. 2022 жылдың 2 тоқсаны, яғни сәуір айы бойынша мемлекеттік атаулы әлеуметтік 4 431 аз қамтамасыз етілген отбасыға (20 762 адам) тағайындалған. Бұл туралы Шымкент қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Балмаржан Полатқызы Нарбекова қалалық қоғамдық кеңестің отырысында баяндады. Шымкент қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Балмаржан Полатқызы айтуынша АӘК отбасының әрбір мүшесіне кедейлік шегінен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табысы бар азаматтарға тағайындалады. Қолда бар мәліметке сүйенсек, бүгінгі күні кедейлік шегі күнкөріс деңгейінің 70% деңгейінде немесе 2022 жылдың 2 тоқсанына орта есеппен 25 402,3 теңге болып белгіленді. Осылайша, бір адамға (отбасына) келетін АӘК-тің мөлшері жан басына шаққандағы орташа кіріс пен әр мүшесіне негізделген белгіленген кедейлік шегінің арасындағы айырма ретінде есептеледі.Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушылардың 1-6 жас аралығындағы балаларына 2022 жылға кепілдендірілген әлеуметтік топтамамен орта есеппен 45 673 баланы қамтамасыз ету жоспарланған. Сондайқ-ақ атаулы әлеуметтік көмек алушылар қатарынан 16 033 азамат жұмысқа жарамды, оның ішінде өтініш берген кезде 12 193 азамат жүгіну кезінде жұмысы барлар.
— 73 адам нәтижелі жұмыспен қамтудың белсенді шараларына қатысқан.
Атап айтсақ:
— 44 тұрақты жұмыс орындарына;
— 27 қоғамдық жұмыстарға;
— 2 жастар практикасына.