Воскресенье, 19 апреля, 2026
  • Бізбен хабарласыңыз
saraptimes.kz
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
saraptimes.kz
No Result
View All Result
Home Денсаулық

Шымкентте Арнольдо Киари синдромына шалдыққан науқасқа алғаш рет ота жасалды

24 мая, 2022
in Денсаулық
0
0
SHARES
14
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

 

Шымкент қалалық клиникалық балалар аурухасында алғаш рет Арнольдо Киари синдромына шалдыққан науқасқа ота жасалды деп хабарлайды saraptimes.kz. Сирек кездесетін мұндай дерт түрінің жалғыз емі-операция ғана. Айта кетейік дәрігерлер күрделі отаны 15 жастағы ұл балаға жасады. Мамандар науқасқа диагностикалық тексеру жүргізіп, диагнозын дер кезінде нақтылай білген.Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасының мәлімдеуінше жасөспірімінің өмірін аман алып қалу үшін қалалық клиникалық балалар ауруханасының дәрігерлері күрделі ота жасауға шешім қабылдайды. Жоспарлы операция сегіз сағатқа созылып, хирургтар науқастың миындағы ауытқуды хирургиялық жолмен емдеді. Нәтижесінде науқастың ақыл есінің жұмыс істеу қабілетін жақсартып берді. Айта кетейік Шымкентте мұндай ота түрі алғаш рет жасалып отыр. Бұған дейін науқастар Нұр-Сұлтан қаласындағы емдеу орталығына жіберіле¬тін. Енді балалардың мұндай күрделі операциясын қалалық клиникалық балалар ауруханасының дәрігерлері жасайды. – Операция барысында науқастың басының арт жағынан шүйде аймағының шөуде сүйегі дөңгелетіп кесіп алынды. Бірінші мойын омыртқасы алынады. Мидың өзінің қатты қабаты бар. Біздің мақсатымыз мишықты бос жатқызу. Мишықты босату арқылы синдромды емдейміз. Арнольдо Киари синдромның асқынуы науқасты шизофренияға, тіптен мүгедікттікке әкелуі мүмкін. Дерттің жалғыз емі, уақтылы жасалған операция ғана екені бүгінге дейін ғылыми түрде дәлелденген, -дейді Шымкент қалалық клиникалық балалар ауруханасының дәрігер-нейрохирургы Самат Көкшібаев. Күрделі отадан кейін науқастың жағдайы жақсы. Дәрігерлер бүгін жасөспірімді жансақтау бөлімінен палатаға ауыстырды.

Алдыңғы жаңалық

Шымкентте биыл 348 шақырым жол жөндеуден өтті

Келесі жаңалық

Орталық стадионды ретке келтіру жұмысы жалғасуда

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


ИП Дауренова Р.Б.
г. Шымкент
+7 707 734 9594
info@saraptimes.kz

Пайдаланушылық келісім

Saraptimes.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде saraptimes.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Билік
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Білім
  • Спорт

saraptimes.kz ақпарат агенттігі