Воскресенье, 19 апреля, 2026
  • Бізбен хабарласыңыз
saraptimes.kz
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
saraptimes.kz
No Result
View All Result
Home Экономика

М.Әйтенов Құрсайдың инфрақұрылыммен қамту жұмыстарын тексерді

31 мая, 2022
in Экономика, Қоғам
0
М.Әйтенов Құрсайдың инфрақұрылыммен қамту жұмыстарын тексерді
0
SHARES
9
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

 

М.Әйтенов құрсайдың инфрақұрылыммен қамту жұмыстарын тексерді деп хабарлайды saraptimes.kz. Шымкент қаласы Құрсай шағынауданына инжинерлік-инфрақұрылым тарту жұмыстары жүзеге асуда. Айта кетейік, Аудан орталығы электр жарығымен толық қамтылған. Ал жаңақұрылыс аумағында орналасқан 282 орамға электр қуатын жүргізуге биыл жобалық сметалық құжаты әзірленуде. Шағынаудан орталығына табиғи газ берілген. Жаңақұрылыс аумағындағы 282 мен 283 орамға газ тарту үшін жобалық сметалық құжаты дайындалуда. Ал, сапалы ауыз сумен қамтуға «Риголит» мердігер мекемесі тарапынан құрылыс 2021 жылы басталған. Қолда бар мәліметке сүйенсек, жалпы ұзындығы 336,5 шақырымды құрайтын су жүйесін тарту жұмысы 2 кезең бойынша жүзеге асырылып жатыр. Бірінші нысандағы 185,5 шақырымды құрайтын ішкі орамдық жүйенің 54 пайызы орындалған. Жоба үшін өткен жылы 747,2 млн теңге қаржы қаралса, биыл 2 040,4 млн теңге бөлініп отыр. Құрылысты аяқтау мерзімі осы жылдың қараша айына жоспарланған. Нысан пайдалануға берілгенде 17 мыңнан астам адам сапалы ауыз суға қол жеткізеді. Екінші кезеңдегі су жүйелерінің ұзындығы 151 шақырым. 2021 жылы басталған құрылыс, биылғы жылдың соңына дейін қолданысқа беріледі. Қазір бұл нысанда жұмыстың 58 пайызы аяқталған. 2021 жылы қаламызда 3 магистралды суаққы мен 10 елді мекенде құрылыс аяқталып, сапалы сумен қамту көрсеткіші 95,6%-дан 98 пайызға жетті. Қазір суды кестемен алып отырған Құрсай, Сайрам шағынауданы мен Қайнарбұлақ тұрғын алабы үшін құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Құрсайдағы құрылыс жыл соңына дейін аяқталады. Сайрам мен Қайнарбұлаққа ауыз су жеткізу жұмысы келер жылға өтпелі. 2023 жылы тағы 3 суаққының құрылысы аяқталғанда қаламыз ауыз сумен 100 пайыз қамтылады.

Алдыңғы жаңалық

Қиыршық тас төселуде

Келесі жаңалық

Елшібек Батыр, Аймауытов, Уалиханов көшелерінің жол сызықтары жаңартылды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


ИП Дауренова Р.Б.
г. Шымкент
+7 707 734 9594
info@saraptimes.kz

Пайдаланушылық келісім

Saraptimes.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде saraptimes.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Билік
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Білім
  • Спорт

saraptimes.kz ақпарат агенттігі