Понедельник, 20 апреля, 2026
  • Бізбен хабарласыңыз
saraptimes.kz
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
saraptimes.kz
No Result
View All Result
Home Экономика

Шымкентте биыл 20 мың тұрғын табиғи газға қосылады

31 мая, 2022
in Экономика, Қоғам
0
Шымкентте биыл 20 мың тұрғын табиғи газға қосылады
0
SHARES
10
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Жалпы, Шымкент қаласын 2025 жылға дейін толық газдандыру жоспарланып отыр. Шымкентте биыл 20 мың тұрғын табиғи газға қосылады, деп хабарлайды saraptimes.kz. Өткен жылы Шымкент қаласында 5 елді мекенге табиғи газ жеткізілді. Атап айтқанда, Бадам-195 орам, Достық, Азат, Асар-2 елді мекендері мен Тассай шағын ауданының тұрғындары көгілдір отынға қосылу мүмкіндігіне ие болып отыр. Сондай-ақ, өткен жылы 3 магистралды газ құбырының құрылысы жүргізілді. Бұл жұмыстарға мемлекеттік бюджеттің есебінен 6 миллиард 100 миллион теңге қаржы жұмсалған. Соның нәтижесінде өткен жылдың соңында Шымкент қаласының тұрғындарын табиғи газбен қамту көрсеткіші 93 пайызға жетті. Ал, биыл №3 автоматтандырылған газ тарату станциясы іске қосылды. Оның қуаттылығы сағатына 250 мың текше метрді құрайды. Бұл нысан қаладағы газ тапшылығы мәселесін түпкілікті шешуге мүмкіндік беріп отыр. Шымкент қаласында биыл тағы да 2 магистралды газ құбыры тартылып, 10 елді мекенде ішкі желілер жүргізіліп жатыр. Жыл соңына дейін 8 елді мекенде құрылыс жұмыстары аяқталады. Олар Тұран, Көкбұлақ, Ақтас 1-2, Батыс, Қайнарбұлақ, Сәуле (276 орам), Ақжар, Арғымақ, Нұртас, Солтүстік саяжай және Тассай елді мекендері. Нәтижесінде қаладағы 20 мыңға жуық тұрғын табиғи газға қосылу мүмкіндігіне ие болып, қамту көрсеткіші 94,7 пайызға жетеді. Сондай-ақ, қазір өткен жылы ішкі жүйелердің құрылысы аяқталған елді мекендерде тұрғындармен техникалық шарт жасау және оларды газға қосу жұмыстары жүріп жатыр. Жалпы, Шымкент қаласын 2025 жылға дейін толық газдандыру жоспарланып отыр. 2023-2025 жылдары аралығында қаланың даму жоспарына сәйкес, жартылай қамтылған 17 елді мекенде және мүлдем қамтылмаған 3 елді мекенде табиғи газ жүйелерінің құрылысы салынып, қала тұрғындары, басқада нысандар 100% табиғи газбен қамтылады. Айта кетейік, табиғи газбен шаһардағы 81 елді мекеннің 42-сі толық, ал 31 елді мекен жартылай қамтылған. 2021 жылы табиғи газбен қамту көрсеткіші 93,0 пайызға жетті.

Алдыңғы жаңалық

Шымкентте биыл 102 көше жарықтандырылады

Келесі жаңалық

17 кәсіпорын жұмысшыларының жалақы қарыздары өтелді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


ИП Дауренова Р.Б.
г. Шымкент
+7 707 734 9594
info@saraptimes.kz

Пайдаланушылық келісім

Saraptimes.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде saraptimes.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Билік
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Білім
  • Спорт

saraptimes.kz ақпарат агенттігі