Воскресенье, 19 апреля, 2026
  • Бізбен хабарласыңыз
saraptimes.kz
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
saraptimes.kz
No Result
View All Result
Home Мәдениет

Өнер майталмандары дәстүрлі ән өнерінің болашағын талқылады

4 июня, 2022
in Мәдениет
0
Өнер майталмандары дәстүрлі ән өнерінің болашағын талқылады
0
SHARES
13
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Дәстүрлі ән-жыр мектебінің өз орталығы болу керек. Ол «Рухани жауһарлар» деген атаумен аталса. Кешегі республикалық дәстүрлі әншілер мен термешілердің байқауында қазылық еткен өнер майталмандары бүгін Әл-Фараби атындағы қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасында «дөңгелек үстел» отырысында осындай ұйғарымға келді.

Музыкатанушы ғалым Әміреқұл Әбуов мегаполиске музыка өнерін үйрететін іргелі оқу орны керек, талантты жас әнші Димаш Құдайбергенов ұлы бабамыз Әл-Фарабидің музыка саласындағы бүгінгі ізін жалғаушы десе, өнер қайраткері Рамазан Стамғазиев Оңтүстіктің дәстүрлі ән-жыр мектебін елге бұрыннан танымал Жетісу, Арқа,Тарбағатай, Сыр өңірі, Маңғыстау ән-жыр мектептерінің деңгейіне жеткізу керек деген ойын білдірді.

Қазақ өнерінде оңтүстік жұртының дәстүрлі ән-жырлары Жетісу, Арқа мақамы деп әлі күнге дейін термин ретінде бекітілмеген. Осыған орай мәдениет саласының үздігі Әлімжан Серікбаев халық бұрыннан атап кеткен Оңтүстіктің дәстүрлі ән-жыр мектебі деген атаумен қалса деген ұсынысын барлық өнер қайраткерлері бірауыздан қолдады.

Мәдениет саласының тағы бір серкесі Жақып Сыпатаев жуырда жаңа жинақ жарық көретінін, онда Ташкент өңірінің белгілі жыршысы, өткен ғасырдың ортасында шырқаған әндері телевизия архивіндегі таспалардан табылған Құтбайдың әндері нотасымен бірге жарияланады. Ж.Сыпатаев жаңа кітап дәстүрлі ән-жыр өнерінде үлкен жаңалық әкелмек деген пікірін жеткізді. Сонымен бірге бұл дәстүрлі әншінің домбыра қағыстары мүлдем басқа, аспапты шерткенде іліп ойнайтынын, сондықтан халық әндерін өзгеше мақамда орындайтынын айтты.

Жиын соңында «дөңгелек үстелге» жиналғандар дәстүрлі ән-жыр орталығы келешекте ғылыми-зерттеулермен, ел ішіне экспедицияларға шығып, көне жырларды жинастырумен айналысуы керек деген идеяларын да ұсынды.

Алдыңғы жаңалық

Шымкентте «Ұлы дала таңы» тарихи-көркем фильмнің тұсауы кесілді

Келесі жаңалық

100-ге келген қарт ана үйінде дауыс берді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


ИП Дауренова Р.Б.
г. Шымкент
+7 707 734 9594
info@saraptimes.kz

Пайдаланушылық келісім

Saraptimes.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде saraptimes.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Билік
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Білім
  • Спорт

saraptimes.kz ақпарат агенттігі