Воскресенье, 19 апреля, 2026
  • Бізбен хабарласыңыз
saraptimes.kz
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
saraptimes.kz
No Result
View All Result
Home Cаясат

Қала мәслихатының кезекті сессиясы өтті

6 июня, 2022
in Cаясат
0
Қала мәслихатының кезекті сессиясы өтті
0
SHARES
11
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter


Шымкентте қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтің қатысуымен мәслихатының жетінші шақырылымдағы кезекті он жетінші сессиясы өтті. Сессия отырысында қала бюджетінің атқарылуы, инфрақұрылымды дамыту және медициналық көмек пен дәрілік заттармен қамтамасыз ету бағытында атқарылған жұмыстардың есебі тыңдалды. Бұдан бөлек, үшінші мегаполистің әлеуметтік-экономикалық дамуына ықпал ететін бірқатар маңызды шешімдер қабылданды.
Сессияда қала мәслихатының шешімімен 2022 жылға арналған қала бюджет нақтыланды. Бюджет көлемі өткен жылмен салыстырғанда 84,3 млрд. теңгеге ұлғайып, 573,7 млрд. теңгеге құрады. Қосымша қаралған қаржылар қаланың инженерлік-инфрақұрылымын дамытуға бағытталып отыр.
Қала аумағындағы кондоминиум объектісін басқару мен ортақ мүлікті күтіп ұстау шығыстарының ең төменгі мөлшері айына 27,3 теңге болып бекітілді.
Шымкент қаласы мәслихатының шешімімен бекітілген тегін медициналық көмек пен дәрілік заттардың тізбесіне толықтырулар енгізіліп, 2 дерт бойынша 25 дәрілік зат тізіміге қосылды.
Мемлекет басшысының «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығына сәйкес, ақпан айында бекітілген қала тұрғындарына есеп беру кездесулерінің кестесіне өзгерістер енгізілді. Айта кетсек, осы жылдың І жартыжылдығында 84 кездесу өтіп, 8 мыңнан астам адам қатысқан. Жиын барысында тұрғындардан 874 мәселе бойынша ұсыныс түскен.
Сонымен қатар, «Шымкент қаласының құрметті азаматы» атағын беру бойынша 10 азаматтың кандидатурасы бекітілді.
Жиын соңында М.Әйтенов қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуына серпін беретін шешімдер қабылдаған депутаттар корпусына алғысын жеткізді.
– Күні кеше қаламызда Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер енгізу бойынша референдум жоғары деңгейде ұйымдастырылып, өткізілді.
Бұл шараны ұйымдастыруда сіздердің үлестеріңіз мол. Осыған орай, Сіздерге алғысымды білдіремін! Сонымен қатар, 19 маусымда Шымкент қаласының республикалық қала мәртебесін алғанына
4 жыл толады. Қала күніне орай бірқатар маңызды іс-шараларды ұйымдастыру жоспарлануда. Сіздерді іс-шараларға белсене қатысуға шақырамыз, -деді қала әкімі.

Алдыңғы жаңалық

Алғаш рет дауыс берді

Келесі жаңалық

Шымкент қаласы тұрғындарының назарына!

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


ИП Дауренова Р.Б.
г. Шымкент
+7 707 734 9594
info@saraptimes.kz

Пайдаланушылық келісім

Saraptimes.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде saraptimes.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Билік
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Білім
  • Спорт

saraptimes.kz ақпарат агенттігі