Понедельник, 20 апреля, 2026
  • Бізбен хабарласыңыз
saraptimes.kz
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
saraptimes.kz
No Result
View All Result
Home Қоғам

Мемлекеттік қызметтерді онлайн ал

8 июня, 2022
in Қоғам
0
Мемлекеттік қызметтерді онлайн ал
0
SHARES
16
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

 

Жаздың келуімен бірге демалыс маусымы да басталды. Бұл уақыт ХҚО қызметкерлері үшін де ыстық кезең, себебі демалысында құжаттарын реттеп алғысы келгендердің легі көп. Сондықтан «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Шымкент қаласы бойынша филиалы анықтамаларды онлайн алуға шақырады. Бүгінде жеке куәлік пен паспорт рәсімдеуден басқа мемлекеттік қызметтерді үйден шықпай-ақ онлайн алуға болады. Мысалы, тұрғылықты жері бойынша тіркеу, жылжымайтын мүлікті тіркеу, автокөлік сатып алу және тіркеу, түрлі жәрдемақылар тағайындау, тұрғын үй көмегі, студенттерді уақытша тіркеу, медициналық анықтамалар беру секілді мемлекеттік қызметтердің 90 пайыздан көбін egov.kz порталы, mgov мобильді қосымшасы, EgovKzBot2.0 телеграм-боты, сондай-ақ Kaspi.kz және Halyk Homebank банк қосымшалары арқылы онлайн алуға болады. «Мемлекеттік қызметтер барлық қазақстандықтарға бірдей онлайн қолжетімді. Тіпті кейбір қызметтерді алуға ЭЦҚ талап етілмейді, бір реттік құпиясөз арқылы да ала аласыз. Қызметтерді онлайн алуды арқылы уақытыңызды шынымен маңызды нәрселерге жұмсаңыз», – дейді «Азаматтарға арналған үкіметтің» Шымкент қаласы бойынша филиалының баспасөз хатшысы Алтынай Татаева. Айта кетейік, Шымкент қаласы бойынша 7 ХҚО және 3 мамандандырылған ХҚО бар. Олардың әрқайсысында өзіне-өзі қызмет көрсету секторлары жұмыс істейді. Мұнда клиенттер мемлекеттік қызметтерді талонынсыз, кезек күтпей-ақ ала алады. Анықтама: Шымкент ХҚО-лары 2022 жылдың бес айында 450 мыңнан астам мемлекеттік қызмет көрсетті. Айта кетейік, Шымкент қаласы бойынша 7 ХҚО және 3 мамандандырылған ХҚО бар. Олардың әрқайсысында өзіне-өзі қызмет көрсету секторлары жұмыс істейді. Мұнда клиенттер мемлекеттік қызметтерді талонынсыз, кезек күтпей-ақ ала алады.

Алдыңғы жаңалық

Жол таңба сызықтарын жаңарту жұмыстары жалғасуда

Келесі жаңалық

Ардагерлер тәрбие жұмысына үлес қоспақ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


ИП Дауренова Р.Б.
г. Шымкент
+7 707 734 9594
info@saraptimes.kz

Пайдаланушылық келісім

Saraptimes.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде saraptimes.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Билік
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Білім
  • Спорт

saraptimes.kz ақпарат агенттігі