Воскресенье, 19 апреля, 2026
  • Бізбен хабарласыңыз
saraptimes.kz
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
saraptimes.kz
No Result
View All Result
Home Экономика

Қала күніне орай «Azala Textile» фабрикасы өндіріс қуатын ұлғайтты

14 июня, 2022
in Экономика
0
Қала күніне орай «Azala Textile» фабрикасы өндіріс қуатын ұлғайтты
0
SHARES
18
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкентте «Қала күні» мерекесі қарсаңында «AZALA Textile» фабрикасы өндірісін кеңейтті. Өндірістік қуаттың ұлғаюына байланысты қосымша 100 жаңа жұмыс орны ашылды. Фабриканың салтанатты іс-шарасына қатысқан қала әкімі Мұрат Әйтенов басшылары мен қызметкерлерін алдағы мерекемен құттықтап, кәсіпорынға табыс пен өркендеуді тіледі.

–Баршаларыңызды келе жатқан қала күнімен құттықтаймын. Өздеріңізге белгілі, қазіргі таңда Шымкент қаласында қолайлы инвестициялық климат қалыптастыру мақсатында қарқынды жұмыстар жүргізіліп жатыр.
Бүгін шырайлы Шымкент қаласының күні қарсаңында «Azala Textile» фабрикасының тігін өндірісінің кеңейтілуіне байланысты салтанатты іс шараға қатысып отырмыз.
Осы сәтті пайдалана отырып, кәсіпорын басшысына қаламыздың экономикасының дамуына қосып отырған үлесі үшін алғыс білдіріп, тағы да шын жүректен құттықтаймын, -деді қала әкімі.

«Azala Textile» ЖШС – Шымкент қаласындағы толық циклдегі жалғыз тоқыма комбинат. Тігін өндірісін кеңейту үшін фабрикаға қосымша 200 млн. теңге инвестиция құйылып, 80 жуық тігін машинасы орнатылған.

«Оңтүстік» айрнай экономикалық аймақта орналасқан кәсіпорын тоқыма бұйымдары, медициналық төсек –жабдықтар мен отандық құрылыс компанияларының арнайы киімдерін өндіреді.

Фабрикада әскери киім тігуге арналған «Берік» атымен белгілі болған мата әзірленіп, қазіргі уақытта халықаралық зияткерлік патенттеуден өтуде. Жаңадан өндірілген мата (камуфляж) сапасы жағынан Ресей елінің маталарынан кем түспейді.

Қазіргі таңда «Azala Textile» фабрикасы ҚДС (мемлекеттік қорғаныс тапсырысы) бойынша Қазақстан Республикасының әскери құрылымдарының киімдеріне арналған маталарды өндіретін еліміздегі жалғыз кәсіпорын.

Алдыңғы жаңалық

Мираста кәріз жүйесін тарту құрылысы жүріп жатыр

Келесі жаңалық

Шымкентте мектеп оқушылары арасында«Би Батл» фестивалі өтіп жатыр

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


ИП Дауренова Р.Б.
г. Шымкент
+7 707 734 9594
info@saraptimes.kz

Пайдаланушылық келісім

Saraptimes.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде saraptimes.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Билік
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Білім
  • Спорт

saraptimes.kz ақпарат агенттігі