Понедельник, 20 апреля, 2026
  • Бізбен хабарласыңыз
saraptimes.kz
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
saraptimes.kz
No Result
View All Result
Home Мәдениет

Арда азаматтың есемі ұлықталды

15 июня, 2022
in Мәдениет
0
Арда азаматтың есемі ұлықталды
0
SHARES
11
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter


Бүгін М.Өтебаев атындағы жоғары жаңа технологиялар колледжінде қазақтың арда азаматтарының есімі ұлықталды. Ел басқаруда өнегелі тірлігі мен өрелі ісі қалған Д.Қонаевтың 110 жылдығы мен А.Асқаровтың 100 жылдығына орай оқу ордасында арнайы бұрыш ашылды. Іс-шара «Ауыл» ХДПП Шымкент қаласы бойынша өңірлік филиалы мен білім ордасының бастамасымен ұйымдастырылған.
Мемлекет және қоғам қайраткерлеріне арналған бұрыштың лентасын зиялы қауым өкілдері Ш. Мырзахметов пен еңбек ардагері Қ.Әріпбаев қиды.
— Дінмұхамед Қонаев пен Асанбай Асқаров — сыйлас, замандас, елі үшін аянбай еңбек еткен азаматтар. «Тау алыстаған сайын биіктей түседі» демекші, тұлғаларымыз арамыздан алыстаса да, олардың ұлт үшін еткен еңбегі тарихқа алтын әріптермен жазылып, ұрпақтан-ұрпаққа жетері сөзсіз. Осындай ел ағаларының өмір жолын оқып, біліп өскен колледж студенттері қазақ елінің үлкен азаматтары болғай, — деді Ш.Мырзахметов.
Ал, еңбек ардагері Қ.Әріпбаев Асанбай Асқаровпен қызметтес болған жылдардағы естелігімен бөлісті.
— Ұзақ жылдар бойы Асекеңмен қызметтес болып, Дінмұхамед Қонаевпен бірнеше мәрте жүздесудің сәті түскен болатын. Арда азаматтарымыздың ұлтжандылығы, ісіне адалдығы, өзіне емес, еліме болса деген азаматтығы, әрдайым үлкенді құрметтеп, кішіге ізет жасап, жол көрсеткені, бәрі-бәрі көзкөрген азаматтардың есінде. Халық қалаулыларының қалтқысыз еңбегін әрбір келер ұрпақ есінде мәңгі сақтап, дәріптеуі тиіс, — деді ол.
Салтанатты шара «Елі бар ердің есімі мәңгі өшпейді» атты тарихи-танымдық конференцияға ұласты. Жиынға Д.Шерімқұлов төрағалық етті.
— Мемлекет және қоғам қайраткерлері Д.Қонаев пен А.Асқаровтың өмір жолын, еңбегін дәріптеп, өскелең ұрпаққа үлгі ету мақсатында өңірдегі көзкөрген, қызметтес болған зиялы қауым өкілдерінің басын қосып отырмыз. Қазақ елінің бүгіні үшін, елдігі үшін аянбай еңбек еткен азаматтарымыздың өмір жолы — барша жастарға өнеге. Конференцияға қатысып отырған зиялы қауым өкілдері тарихқа көз жүгіртіп, өздерінің естеліктерімен бөлісті. Конференцияда айтылған әрбір сөз жастардың жүрегіне жол тауып, мәңгілік жадында қалады деген сенімдемін, — дейді М.Өтебаев атындағы жоғары жаңа технологиялар колледжінің директоры Мұсахан Өтегенов.

Алдыңғы жаңалық

Биыл солтүстік саяжай тұрғындары сапалы электрмен қамтылады

Келесі жаңалық

Тұрғындар қауіпсіздігі басты назарда

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


ИП Дауренова Р.Б.
г. Шымкент
+7 707 734 9594
info@saraptimes.kz

Пайдаланушылық келісім

Saraptimes.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде saraptimes.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Билік
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Білім
  • Спорт

saraptimes.kz ақпарат агенттігі