Вторник, 9 июня, 2026
  • Бізбен хабарласыңыз
saraptimes.kz
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
saraptimes.kz
No Result
View All Result
Home Денсаулық

Шымкентте жаңа өндіріс орны ашылды

16 июня, 2022
in Денсаулық, Экономика
0
Шымкентте жаңа өндіріс орны ашылды
0
SHARES
14
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Бүгін Шымкент қаласының «Тассай» индустриялық аймағында қала күні мерекесі қарсаңында қорғаныс киімдері мен медициналық мақсаттағы бұйымдар шығаратын «Экофарм» өндіріс орны ашылды, деп хабарлайды saraptimes.kz. Жаңа мекеменің салтанатты ашылу рәсіміне қала әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан қатысты. Ол өз сөзінде Шымкенттің республикалық маңызы бар қала статусын алған 4 жыл мерзімінде қаланың әлеуметтік-экономикалық жағдайы артып, инвестиция тарту бойынша республикадағы үздік қалалар қатарында екендігін айтып өтті. — Бүгінгі таңда «Тассай» ИА-да жалпы инвестициялық сомасы шамасымен 45 млрд. теңге құрайтын 37 жоба жүзеге асырылуда. Бүгінгі жоба қаланың экономикалық өркендеуі мен медициналық бұйым өндірісі саласында жаңа жұмыс орындарының ашылуына үлкен серпін береді деген сенімдемін. Баршаңызды қала күнімен құттықтай отыра, жобаның арықарай өсіп өркендеуіне тілек білдіремін, — деді. 3,4 млрд. теңгені құрайтын инвестициялық жоба «Бизнестің жол картасы – 2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында «Тассай» индустриалды аймағынан 1,25 гектар жер телімін ұзақ мерзімге жалға алып, «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясында «Даму» қоры арқылы субсидияланған. Жаңадан ашылған бұл өндірісте 150 адам жұмыспен қамтылды. Заманауи технологиялармен жабдықталған мекеменің жылына 600 мың дана қорғаныш киімінің 17 түрін, 500 мың дана медициналық киім, 20 миллион дана медициналық маска мен респиратор, 1 миллион дана медициналық көзілдірік шығаруға мүмкіндігі бар. Айта кетейік, Шымкентте қала күні қарсаңында жиһаз фабрикасы да іске қосылды. Жаңа фабриканың ашылуына қала әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан қатысты. «Қаламызда мемлекеттік қолдау арқасында жаңа өндіріс орындарының саны жыл санап артып келеді. Қазіргі уақытта Шымкентте қолайлы инвестициялық климат қалыптастыру үшін қарқынды жұмыстар жүргізілуде. Осы мақсатта қала экономикасы өсімінің негізгі алаңдары болып табылатын арнайы экономикалық, индустриялық аймақтардың тиімді жұмыс жасауына ерекше көңіл бөлінуде. Қала күніне орай «Тассай» индустриялық аймағында іске асырылған жобалар санын жиырмаға жеткізіп отырмыз. Сол кәсіпорындардың бірі – «Mega Smart B2B» жиһаз фабрикасы», — деген Ш.Мұқан кәсіпорынды ашылуымен құттықтады. Көлемі 2 гектар аумақты құрайтын 750 млн.теңгелік инвестициялық жоба нәтижесінде 100 адам жұмыспен қамтылды. Заманауи технологиялармен жабдықталған өндіріс ошағы жылына 120 мың жиһаз бұйымдарын шығаруға қауқарлы.

Алдыңғы жаңалық

Темірлан тас жолының жол сызықтары жаңарды

Келесі жаңалық

Шымкентте қала күні қарсаңында жиһаз фабрикасы іске қосылды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


ИП Дауренова Р.Б.
г. Шымкент
+7 707 734 9594
info@saraptimes.kz

Пайдаланушылық келісім

Saraptimes.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде saraptimes.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Билік
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Білім
  • Спорт

saraptimes.kz ақпарат агенттігі