Воскресенье, 19 апреля, 2026
  • Бізбен хабарласыңыз
saraptimes.kz
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
saraptimes.kz
No Result
View All Result
Home Мәдениет

Үлгілі отбасылар сайысқа түсті

19 июня, 2022
in Мәдениет, Қоғам
0
Үлгілі отбасылар сайысқа түсті
0
SHARES
18
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкентте қала күніне арналған кереметтей іс-шараның бірі шаһарымыздың сүйікті демалыс орны Абай саябағында өтіп жатыр, деп хабарлайды saraptimes.kz ақпараттық агенттігі Шымкент келбеті газетіне сілтеме жасап.
Алдын ала іріктеуден өткен он алты отбасы «жүзден жүйрік, мыңнан тұлпарды» анықтайтын «ОтбасыFest» байқауында бақтарын сынауда.
Шымкент қаласының тұрғындары мен қонақтарының қуанышымен бөлісуге келген шаһарымыздың бас ұстазы, қалалық білім басқармасының басшысы Жанат Арысбекқызы Тәжиева сайыскерлердің барлығына сәттілік тілеп, жиналған қауымды Қала күнімен шын жүректен құттықтады.
— Отан — отбасынан басталады. Сондықтан мемлекет іргесі мықты болу үшін отбасы институты берік болуы тиіс. «ОтбасыFest»-тің көздеген мақсаты да осы. Орын алудан бұрын сахна төріне шығып, жұртшылыққа өнерін таныстырған, отбасы тәрбиесіндегі үлгісі мен тәжірибесін көрсетудің өзі бір бақыт. Біз үшін әлемде жоқ Шымқаладай әсем шаһар біреу ғана. Сондықтан оның дамуына, өркендеуіне үлес қосу әрбір саналы азаматтың парызы, — деді қалалық білім басқармасының басшысы Жанат Арысбекқызы Тәжиева.
Сондай-ақ, байқау шарты бойынша отбасылар алдымен өздерін таныстырады. Сосын келесі сайыста өнерлерін ортаға салып жарысады. Соңғы турда спорттық сайыстан жүлдеге таласады.
Сонымен қатар, жарысқа Шымкент қалалық мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасы мен қалалық білім басқармасының өкілдері қазылық етуде.
«ОтбасыFest» байқауында жеңіске жеткен отбасылар бағалы сыйлықтарға ие болады.
Еске сала кетейік, 2018 жылдың 19 маусымында Мемлекет басшысы Шымкент қаласына республикалық дәреже беру туралы Жарлыққа қол қойған болатын. Содан бері 19 маусым Шымкентте Қала күні ретінде аталып өтіледі. Яғни бұл күн Шымкент қаласының мерейлі мерекесі. Биыл мегаполистің туған күнін 4-ші жыл тойлап отырмыз.

Алдыңғы жаңалық

Қала күні қарсаңында ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрменкесі өтті

Келесі жаңалық

Қала күні қарсаңында Шымкентке келушілер көбейген

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


ИП Дауренова Р.Б.
г. Шымкент
+7 707 734 9594
info@saraptimes.kz

Пайдаланушылық келісім

Saraptimes.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде saraptimes.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Билік
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Білім
  • Спорт

saraptimes.kz ақпарат агенттігі