Воскресенье, 19 апреля, 2026
  • Бізбен хабарласыңыз
saraptimes.kz
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
saraptimes.kz
No Result
View All Result
Home Мәдениет

Шымкентте Balmuzdaq fest өтіп жатыр

19 июня, 2022
in Мәдениет, Қоғам
0
Шымкентте Balmuzdaq fest өтіп жатыр
0
SHARES
11
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкентте қала күні мерекесіне орай екі күнге жалғасатын «Balmuzdaq Fest» фестивалі басталды, деп хабарлайды saraptimes.kz. Туризм және сыртқы байланыстар басқармасының ұйымдастыруымен өтіп жатқан іс-шараға қаладағы 35 кәсіпкер өтінімін білдірген. Оның ішінде, балмұздақ, салқын сусындар мен тағамдар бар. Қала үшін айтулы күнге орай гастрономиялық туризмді дамытып жүрген кәсіпкерлер балмұздақтардың сан түрін әзірлеп, мегаполис тұрғындары мен қонақтарына ұсынуда. Одан өзге, келушілер арасында конкурстық ойындар ұйымдастырылып, жеңімпаздар үшін сыйлықтар әзірленген. Онда ресторандарға арналған жеңілдіктер мен тегін тамақтану мүмкіндігі қарастырылған. Шымкент қаласын еліміздің гастрономиялық орталығына айналдыру мақсатында жүзеге асқан фестивальде тіскебасарлар ғана ұсынылып қоймай, келушілер үшін концерттік және балалар үшін аниматорлық, ойын-сауықтық бағдарламалар ұсынылуда. Одан өзге, қыш-құмыра, аква грим жасаудан шеберлік сабақтары өтіп, «Шымкент шайы» таратылып жатыр. Аспаздар кәуап пісіріп, балмұздақ дайындауда өз құпияларымен бөлісуде. Таңнан басталған іс-шара кешкі 20:00-ге дейін жалғасады. Кәсіпкерлер өз өнімдерін мерекелік күнде сату арқылы табыс көзін арттыруы күтілуде. Жалпы, іс-шараны жыл сайын дәстүрлі түрде өткізу жоспарланып жатыр. Алғаш рет өткізіліп отырған іс-шараның мақсаты қала тұрғындары мен қонақтарына жақсы көңіл күй сыйлау дейді ұйымдастырушылар. Олар бұл фестиваль – кәсіпкерлерге өз өнімін таныстыруға үлкен мүмкіндік екендігін айтады. Балмұздақ фестке тек қала тұрғындары ғана емес, шетелдік қонақтар да келіпті. Катар елінің азаматы Абдул Азиз Қазақстанға жасаған іссапарының Шымкенттің туған күнінен тұспа-тұс келгеніне ерекше қуанғанын, мұндай фестивальге алғаш рет қатысып отырғанын айтты.

Алдыңғы жаңалық

Ақжайық шағынауданында кәріз жүйесі тартылуда

Келесі жаңалық

«Шарықтай Бер, Шымқалам!» концерті өтті

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


ИП Дауренова Р.Б.
г. Шымкент
+7 707 734 9594
info@saraptimes.kz

Пайдаланушылық келісім

Saraptimes.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде saraptimes.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Билік
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Білім
  • Спорт

saraptimes.kz ақпарат агенттігі