Воскресенье, 19 апреля, 2026
  • Бізбен хабарласыңыз
saraptimes.kz
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
saraptimes.kz
No Result
View All Result
Home Мәдениет

«Қазақ аналары — Дәстүрлі жол» Республикалық жобасының концерттік бағдарламасы ұсынылды

21 июня, 2022
in Мәдениет
0
«Қазақ аналары — Дәстүрлі жол» Республикалық жобасының концерттік бағдарламасы ұсынылды
0
SHARES
8
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter


Қала күніне орай «Қазақ аналары — дәстүрге жол» республикалық жобасының мерекелік іс-шарасы өтті, деп хабарлайды saraptimes.kz Ұлттық салт-дәстүрлерді ұрпақтан ұрпаққа жеткізуді мақсат еткен жобаның мерекелік концерттік бағдарламасы Абай ауданы әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылды.
Шымкент қаласы Абай ауданы әкімінің орынбасары Е.Заңқоев мұндай жаңа бастамалардың жастарға берері мол екенін, тағылымды жобаларды қолдауға әркез дайын екенін жеткізді.
Республикалық жобаның Шымкент қаласы бойынша филиалы биыл
наурыз айында құрылған болатын. Жобаның негізін қалаушы Айнұр Жүгінісова көпшілікті қала күнімен құттықтап, авторлық әндерін тарту етті.
Іс-шарада ұмыт қалған салт-дәстүрлерімізден көрініс көрсетіліп, келіннің бетін ашу, тұсаукесер және тағы басқа дәстүрлеріміз дәріптелді.
«Қазақ қыздары» ұлттық киімдерінен дефиле және балалар киімдерінің үлгісі көрсетілді.
Сондай-ақ, жиынға жиылған халыққа қолөнер шеберлері ұлттық киім,әжекей-бұйымдардан көрме ұйымдастырып,қол жетімді бағада саудалады. Ыстық ықыласты жұртшылық шарадан соң, шат-шадыман күйде тарқасты.
Айта кетейік, респубикалық жобаның Шымкент қаласы бойынша филиалы биыл наурыз айында құрылды. Қазіргі таңда түрлі іс-шараларда белсенді қатысып, бой көрсетіп жүрген бірлестік мүшелері ұмыт қалған ұлттық құндылықтарды ұлықтауда атқарып жатқан істері орасан.
Былтыр Астана күні мерекесінің қарсаңында «Қазақ аналары — дәстүрге жол» республикалық жобасының тұсауы кесілген болатын. Осы айтуылы күнге орай, ағымдағы жылдың 9 шілдесінде Нұр-Сұлтанда аталмыш бірлестік мүшелері «Абысын-Ажын» атты байқау ұйымдастырғалы жатыр. Оған еліміздің 17 аймағынан аталмыш жобаның мүшелері қатыса алады. Жоба жетекшісі Айнұр Жүгінісова болашаққа қойған арман-мақсатымен бөлісті. Ол алдағы уақытта «Қазақ аналары –дәстүрге жол» атты шағын кітапшалар шығаруды ойға алған.

Алдыңғы жаңалық

«Шарықтай Бер, Шымқалам!» концерті өтті

Келесі жаңалық

"Ордабасы" жеңіске жетті

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


ИП Дауренова Р.Б.
г. Шымкент
+7 707 734 9594
info@saraptimes.kz

Пайдаланушылық келісім

Saraptimes.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде saraptimes.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Билік
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Білім
  • Спорт

saraptimes.kz ақпарат агенттігі