Вторник, 9 июня, 2026
  • Бізбен хабарласыңыз
saraptimes.kz
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
saraptimes.kz
No Result
View All Result
Home Білім

№65 мектеп гимназиясында 600 орындық жаңа гимарат салынуда

22 июня, 2022
in Білім, Қоғам
0
№65 мектеп гимназиясында 600 орындық жаңа гимарат салынуда
0
SHARES
8
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter


№65 Мектеп гимназиясында 600 орындық жаңа гимарат салынуда .Жаңа ғимарат бой көтерсе, екі ауысымда мыңнан аса оқушы білімін жалғастыра алады. Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов №65 мектеп-гимназиясының қосымша ғимарат құрылысымен танысты, деп хабарлайды saraptimes.kz. Сайрам шағынауданында орналасқан білім ұйымына оқушы санының артуына байланысты ғимарат қажеттілігі туындаған. 2021-2022 оқу жылында №65 мектепте 3 268 оқушы білім алды. Сыйымдылығы 1251 оқушыға арналған ғимаратта 3 ауысымда сабақ жүргізілген. Жаңа ғимарат бой көтерсе, екі ауысымда мыңнан аса оқушы білімін жалғастыра алады. Жобада 25 оқушыға лайықталған 24 сынып бөлмесі, ашық спорт алаңы, онда футбол мен жүгіруга арналған арнайы жол және есік алдына субұрқақ, қоқыс контейнерлеріне арналған орын қаралып отыр. Қосымша ғимарат қажеттілігі жөнінде 2021 жылы сынама өткізіліп, оң қорытындысы шыққан. Қазір құрылысқа бөлінген жер көлемінің аумағы 0,92 га, құрылыс ауданы 1995,85 шаршы метрді құрайды. Осы жылдың наурыз ауында басталған жұмыстар 2023 жылдың тамызында пайдалануға берілмек. Сонымен қоса, қала әкімі № 45 мектеп-гимназиясының жанына салынып жатқан қосымша құрылыстың жұмыс барысымен де танысты. Құрылыс Шәмші Қалдаяқов көшесінің бойында 1,2909 га жер аумақта жүргізілуде. 300 орындық жапсарлас ғимараттың бас мердігері – «ЖАҢА АРНА 2002» Жаупкершілігі шектеулі серіктестігі. Жоба бойынша мұнда жаттығу және гимнастикалық сабақтарға арналған спорт залы қарастырылған. Әрбір сынып 25 оқушыға шақталған 12 сынып болмақ. Сонымен бірге қосымша 33 жаңа жұмыс орны құрылады. Құрылысы наурыз айында басталған нысан келесі жылы пайдалануға беріледі. Шаһар басшысы Мұрат Әйтенов құрылыс жұмыстарын мерзімінде әрі сапалы орындалуын тапсырды.

Алдыңғы жаңалық

Шымкенттің бас жоспары көпшілік талқысына ұсынылды

Келесі жаңалық

№45 мектепке жапсарлас ғимарат салынуда

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


ИП Дауренова Р.Б.
г. Шымкент
+7 707 734 9594
info@saraptimes.kz

Пайдаланушылық келісім

Saraptimes.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде saraptimes.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Билік
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Білім
  • Спорт

saraptimes.kz ақпарат агенттігі