Понедельник, 20 апреля, 2026
  • Бізбен хабарласыңыз
saraptimes.kz
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
saraptimes.kz
No Result
View All Result
Home Экономика

М.Әйтенов: «бес жылда 101 мектеп салынады»

1 июля, 2022
in Экономика, Қоғам
0
М.Әйтенов: «бес жылда 101 мектеп салынады»
0
SHARES
7
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

«2025 жылға дейін республикада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес 1000 мектеп салынбақ.Ал, Шымкент қаласында осы тапсырма негізінде 2025 жылға дейін 86 079 орынға арналған 101 мектеп бой көтермек. Бұл туралы Шымкент қаласының әкімі М.Әйтенов Ақпараттық-коммуникациялық орталықта өткен брифинг барысында мәлімдеді.
Шымкентте білім сапасын арттырып, апаттық мектептерді жою және 3 ауысымдық мектептерді азайтуға бағытталған кешенді жұмыстың бұгінде 50 пайызға жуығы орындалып үлгерген.
— 2021 жылы 11 764 орынға арналған 25 мектеп пайдалануға берілді. Нәтижесінде, өткен оқу жылында апатты мектеп мәселесі толығымен шешіліп, үш ауысымды мектептер саны 14-тен 9-ға төмендеген болатын. Ал, биыл 34 мектептің құрылыс жүргізіліп жатыр. Оның ішінде 11 703 орындық 24 мектептің құрылысы 2022 жылы басталса, 10 нысанның құрылысы 2021 жылдан өтпелі. Жаңа білім ордаларының есебінен үш ауысымды мектептер санын 9-дан 5-ке төмендету көзделіп отыр, — деді Мұрат Дүйсенбекұлы.
Брифингте, сондай-ақ, үш ауысымда білім беретін мектептер мәселесі 2023 жылы, ал орын тапшылығын 2025 жылға дейін толығымен шешілетіні айтылды.
— Биылдан бастап 103 мың бастауыш сынып оқушысы бір реттік ыстық тамақпен қамтамасыз етілді. Сонымен қатар, Шымкентте 500 орындық заманауи Оқушылар сарайының құрылысы жүріп жатыр, — деді М.Әйтенов.
Айта кетейік, Шымкентте Балалар жылына орай атқарылатын жұмыстар мен іс-шаралар кешені түзіліп, 84 бағыт бойынша жүргізілмек. Оған бюджеттен 44, 6 млрд теңге қаралған.

Алдыңғы жаңалық

Шымкент инвестиция көлемінің өсімі бойынша республикада бірінші орында

Келесі жаңалық

Шымкентте биыл 57 мың тұрғын жұмыспен қамтылады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


ИП Дауренова Р.Б.
г. Шымкент
+7 707 734 9594
info@saraptimes.kz

Пайдаланушылық келісім

Saraptimes.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде saraptimes.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Билік
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Білім
  • Спорт

saraptimes.kz ақпарат агенттігі