Понедельник, 20 апреля, 2026
  • Бізбен хабарласыңыз
saraptimes.kz
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
saraptimes.kz
No Result
View All Result
Home Қоғам

Электр және табиғи газ мәселесі 2025 жылы толық шешімін табады

1 июля, 2022
in Қоғам
0
Электр және табиғи газ мәселесі 2025 жылы толық шешімін табады
0
SHARES
10
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

44. https://saraptimes.kz/?p=7462
Электр және табиғи газ мәселесі 2025 жылы толық шешімін табады

ҚР Президенті жанындағы орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте Шымкент қаласының әкімі М.Әйтенов тұрғындардың инженерлік инфрақұрылыммен қамтылу барысы жөнінде толығырақ мәлімдеді. Шаһарда инженерлік инфрақұрылым жүйелерінің құрылысы кезең-кезең бойынша жүргізілуде. «Бозарық» қосалқы стансасы мен АГРС іске қосылып, электр қуаты мен табиғи газ тапшылығы шешілді. – Бүгінде 8 елді мекенде электр энергиясы, 31 елді мекенде табиғи ғаздың сапасы жөнінде мәселелер бар. Биыл сапалы электрмен қамтуда 16, табиғи газ жүйесі бойынша 18 нысанның құрылысы жүргізілуде. Осы жұмыстардың нәтижесінде сапалы электрмен қамту көрсеткіші 99 пайызға, табиғи газбен қамту 94,7 %-ға өседі. Жалпы 2023 жылы ауыз сумен қамту, 2025 жылы электр қуаты және табиғи газбен қамту 100 пайызға орындалады, – деді қала әкімі. Спикердің айтуынша, қалада 3 елдімекен ауыз суды кестемен қолданады. Биыл 8 нысанның құрылысы жүргізілуде. Нәтижесінде қамту деңгейі 98%-дан 99%-ға артады. Жоспар бойынша 2023 жылы ауыз су мәселесі толығымен шешіледі.
Қалада 81 тұрғын алап пен шағын аудан бар. Оның 62-сі кәрізбен қамтылмаған. Қолданыстағы шайынды су тазарту кешенінің қуаты жетпей жатыр. Осы жылы 7,3 млрд.теңге 19 нысанның құрылысы жүргізілуде. Нәтижесінде кәріз жүйесімен қамту деңгейі 54 пайыздан 60 пайызға жетеді. Даму жоспары бойынша 2025 жылы кәрізбен қамту көрсеткішін 75 пайызға жетпек. Ал, 8 елдімекенде электр энергиясының сапасы төмен. Биыл 16 нысанның құрылысы жүргізілуде. Нәтижесінде қамту деңгейі 97 пайыздан 99 пайызға жетеді. Халықты сапалы электрмен қамту мәселесі 2025 жылы толығымен шешіледі. Сондай-ақ, 31 елдімекен газ қуаттылығының жеткіліксіздігі себебінен жартылай қамтылса, 8 елдімекен газбен мүлдем қамтылмаған. Ағымдағы жылы газбен қамту бойынша 6 млрд. теңгеге 18 нысанның құрылысы жүргізіліп жатыр. Нәтижесінде қамту деңгейі 93%-дан 94,7%-ға артады. Табиғи газбен қамту мәселесі 2025 жылы толық шешіледі. 747 әлеуметтік маңызы бар көшелердің 324-і жарықтандырылған. Осы жылы мемлекеттік-жекешелік әріптестігі аясында 102 көшеге жарық тартылады. Нәтижесінде жарықтандыру деңгейі 43 пайыздан 57 пайызға жетеді. 2025 жылы 75 пайызға жеткізу көзделге. Сонымен қатар, биыл 19 кәріз жүйесінің құрылысы атқарылуда. Нәтиижесінде, кәрізбен қамту 54 %-дан 60 %-ға дейін ұлғаяды.

Алдыңғы жаңалық

Шымкентте биыл 1 млн шаршы метрден астам тұрғын үй пайдалануға беріледі

Келесі жаңалық

Мегаполисте бейнебақылау камераларының саны артып, қылмыс азайған

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


ИП Дауренова Р.Б.
г. Шымкент
+7 707 734 9594
info@saraptimes.kz

Пайдаланушылық келісім

Saraptimes.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде saraptimes.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Билік
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Білім
  • Спорт

saraptimes.kz ақпарат агенттігі