Понедельник, 20 апреля, 2026
  • Бізбен хабарласыңыз
saraptimes.kz
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
saraptimes.kz
No Result
View All Result
Home Қоғам

Жеделсатылардың қауіпсіздігі бақылауда

8 июля, 2022
in Қоғам
0
Жеделсатылардың қауіпсіздігі бақылауда
0
SHARES
15
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter


Биыл Шымкент қаласы бойынша «2020-2025» жылдарға арналған «Нұрлы жер» мемлекеттік тұрғын үй-коммуналдық даму бағдарламасы аясында 9 көпқабатты тұрғын үйдің жеделсатылары жаңартылады. Сонымен қатар жыл басынан бері 70-ке жуық лифтте қауіпсіздік сапасын бақылау мақсатында Қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы тарапынан сынақ жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде 9 жеделсаты тіркеуге алынып, қалғандарында талапқа сәйкестендіру жүзеге асырылуда.
Басқарма тарапынан сондай-ақ, жеделсатылардың техникалық жағдайын тексеру шаралары қарқынды жүргізілуде. Мамандар қауіпсіздік талаптарын қадағалау мақсатында Тұран-2 шағын ауданы #55 А және Нұрсат шағын ауданындағы #219 үй тұрғындары мен аудан әкімдігі және қызмет көрсетуші мекеме өкілдерімен бірлесе лифттердің жағдайын бақылады. Бұған аталған мекенжайлар бойынша IKomek 109 бірыңғай байланыс орталығына тұрғындардан өтініштердің жиі түсетіндігі негіз болған. Кездесу қорытындысы бойынша басқарма басшысы Нұрдәулет Құрбанбекұлы кемшіліктерді жоюға қатысты тиісті мамандарға бірқатар тапсырмаларды жүктеді.
Жалпы, Шымкент қаласында 639 лифт бар. Оның ішінде 515 жеделсаты көпқабатты тұрғын үйлерде орнатылған. Жүк көтергіштер істен шығып немесе оқыс оқиға орын алған жағдайда «IKOMEK» орталығына 109 қысқа нөмірі арқылы хабарласу қажет. Байланыс орталығында тұрғын үйлердің тізімі мен жауапты мекеме қызметкерлері бекітілген.

Алдыңғы жаңалық

Тау самалында ерікті жастар слеті өтіп жатыр

Келесі жаңалық

Жылжымайтын мүлік жәрмеңкесінде тұрғын үйді 3млн. дейінгі жеңілдікпен алуға болады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


ИП Дауренова Р.Б.
г. Шымкент
+7 707 734 9594
info@saraptimes.kz

Пайдаланушылық келісім

Saraptimes.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде saraptimes.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Билік
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Білім
  • Спорт

saraptimes.kz ақпарат агенттігі