Суббота, 5 сентября, 2026
  • Бізбен хабарласыңыз
saraptimes.kz
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
saraptimes.kz
No Result
View All Result
Home Қоғам

Шымкентте тұрғындар жер телімі туралы мәліметті egov.kz арқылы ала алады

12 июля, 2022
in Қоғам
0
Шымкентте тұрғындар жер телімі туралы мәліметті egov.kz арқылы ала алады
0
SHARES
13
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Енді тұрғындар өздерінің ЖСН/БСН-де тіркелген жер учаскелері туралы мәліметтерін электрондық порталдан (egov.kz.) ала алады Бұл қызметті қалай алуға болатыны туралы «Азаматтарға арналған үкімет» Шымкент қалалық филиалының өкілдері айтып берді.
Қызметті алу үшін электронды порталда авторизациядан өтіп, «Жылжымайтын мүлік» бөлімінде «Мемлекеттік жер кадастрынан мәліметтер беру» қызметін таңдап, онлайн тапсырыс беруқажет. Содан кейін қызмет алушыға ЖСН/БСН көрсетіледі, кейін «Жердің бар-жоғына сұрау жіберу» батырмасын басу қажет. Тіркелген жерлер болмаған жағдайда мәртебе бірден көрсетіледі және «Анықтама алу»батырмасы пайда болады.
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Шымкент бойынша филиалының өкілі Алтынай Татаеваның айтуынша, меншік иелері барлық тіркелген жерлер туралы толық, егжей-тегжейлі ақпаратты анықтама түрінде ала алады. Ол үшін сізде ЭЦҚ болуы немесе мобильді азаматтар базасында тіркелу қажет. Өтінім өңдеу 15 минутты алады.
Нәтижесінде қызмет алушы бір мезгілде 10 жерге дейін таңдау мүмкіндігі бар мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесінде тіркелген мекенжайы, ауданы және нысаналы мақсаты туралы ақпараты бар ақпарат ала алады, кейіннен анықтама алу үшін жеке кабинетке өтіп, толық егжей-тегжейлі ақпараты бар жерлердің тізімін алады.
Бұған қоса, «Азаматтарға арналған үкімет»Мемлекеттік корпорация жер кадастры саласы бойынша мынадай коммерциялық қызметтер көрсетеді: кез келген күрделіліктегі жерге орналастыру жобаларын әзірлеу (ЖТҚ, ЖҚШ, үй-құрылыстар, ш/қ, гараждар, жер қойнауын пайдаланушылар, инфрақұрылым объектілері); жергілікті жердегі жер учаскелерінің шекараларын белгілеу; ауыл шаруашылығы өндірісінің шығындарын айқындау; мемлекеттік жер кадастры мәліметтерін ұсыну және т. б.

Алдыңғы жаңалық

Шымкентте “ Ұрпақтар келісімшарты” жобасына қатысушылардың дені жастар

Келесі жаңалық

Достық пен татулықты дәріптеген шеру Шымкентке жетті

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


ИП Дауренова Р.Б.
г. Шымкент
+7 707 734 9594
info@saraptimes.kz

Пайдаланушылық келісім

Saraptimes.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде saraptimes.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Билік
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Білім
  • Спорт

saraptimes.kz ақпарат агенттігі