Вторник, 9 июня, 2026
  • Бізбен хабарласыңыз
saraptimes.kz
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
saraptimes.kz
No Result
View All Result
Home Қоғам

Сәуле шағын ауданында көшелерге орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді

13 июля, 2022
in Қоғам
0
Сәуле шағын ауданында көшелерге орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді
0
SHARES
14
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қаласы Сәуле шағын ауданының бірқатар көшелеріне орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді, деп хабарлайды деп хабарлайды saraptimes.kz. Шымкент қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы тарапынан бекітілген жоспарға сәйкес, қаламыздың ішкі орам көшелерін асфальттау қарқынды жүргізіліп жатыр. Соның бірі — Әл-Фараби ауданы аумағына кіретін «Сәуле» шағын ауданындағы Жаңабазар көшесі тупик 1,2, Марқакөл көшесі және Мұратбаев көшесінің жалғасы. Арнайы әзірленген сметалық құжаттамаға сәйкес, ұзындығы 1,9 шақырым жолға жауапты мердігер мекеме «Базис К» ЖШС асфальтбетон қабатын төсеу жұмыстарын жүргізді. Сонымен қоса, Ғ.Иляев көшесінде де жөндеу жұмыстары жүргізілуде. 2021 жылдан басталған көшеге жаңа асфальт төселіп, екі жағынан аяқ жолдар мен веложолдар салынуда. Қазіргі кезеңде Ғ.Иляев пен Қонаев даңғылының қиылысы мен Байтұрсынов көшесінде жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Жұмыс барысында жиек тастарын орнату мен қатар аяқ жолдарын орнату көзделуде. Бұл 3.3 шақырымды құрайды. Яғни, Ақпан батыр көшесі мен Бейбітшілік көшесіне дейінгі аралық. Аталған жөндеу жұмыстары 2021 жылы басталған болатын. Қазіргі таңда Ақпан батыр мен Қонаев даңғылына дейінгі аралықта жөндеу жұмыстары аяқталды. Сондай-ақ, Д.Қонаев даңғылы мен Бейбітшілік көшесіне дейінгі аралықтағы жолдарды тамыз айында аяқтау жоспарланған. Айта кетейік, Шымкент қаласында асфальтталған жолдардың жалпы ұзындығы – 2 029,2 шақырым. Қалада 2021 жылдың I тоқсанының қорытындысы бойынша бірқатар нысандарда жұмыстар аяқталды. Жыл басынан бері шұңқырларды жамау (3500 шаршы метр), тегістеу қабатын салу (1000 шаршы метр) жұмыстары орындалды. Биыл 450 шақырым көшенің жол таңбалары жаңартылып, 250 шақырымы термопластиктен, ал қалған 200 шақырымы акрильді бояумен сызылады.

Алдыңғы жаңалық

Достық пен татулықты дәріптеген шеру Шымкентке жетті

Келесі жаңалық

Балаларға скринингтік тексеру жүйелі жүргізіліп жатыр

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


ИП Дауренова Р.Б.
г. Шымкент
+7 707 734 9594
info@saraptimes.kz

Пайдаланушылық келісім

Saraptimes.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде saraptimes.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Билік
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Білім
  • Спорт

saraptimes.kz ақпарат агенттігі