Понедельник, 20 апреля, 2026
  • Бізбен хабарласыңыз
saraptimes.kz
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
saraptimes.kz
No Result
View All Result
Home Мәдениет

Кезекті кездесу Еңбекші ауданы жастарымен өтті

18 июля, 2022
in Мәдениет, Қоғам
0
Кезекті кездесу Еңбекші ауданы жастарымен өтті
0
SHARES
10
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов бүгін Еңбекші ауданыны жастарымен кездесті, деп хабарлайды saraptimes.kz. Бұл кездесу әкімдік жанындағы жастар саясаты жөніндегі кеңестің ұйымдастыруымен ашық алаңда еркін форматта өтті. Кездесу барысында Еңбекші ауданында жастар саясатын жүзеге асыру жайы баяндалды. Қала әкімі жастар арасындағы өзекті мәселелер мен ұсыныстарды тыңдады. Жастар өз белсенділігін көрсетіп, көптеген ұсыныстар мен пікірлерін білдірді. М.Әйтенов мегаполистің дамуында жастардың үлесі, жауапкершілігі мен белсенділігінің аса маңыздылығын алға тартты. Олардың болашаққа нық сеніммен қарауы жəне жан-жақты жарасымды жетілуіне, талантты жастарға жағдай жасап, барлық оң бастамаларды қолдауға дайын екендігін жеткізді. Кездесу соңы естелік суретке түсуге ұласты. Қала әкімі Абай ауданының жастарымен де кездесу өткізген болатын. Кездесу барысында Абай ауданындағы жастар саясатын жүзеге асыру барысы туралы баяндалды. Қала әкімі жастар арасында қозғалып жүрген өзекті мәселелер мен ұсыныстарды тыңдады. Жастар талқылауда белсенділігін көрсетіп, көптеген ұсыныстар мен пікірлерін жеткізді. Айта кетейік, Шымкент қаласының әкімі жастармен айына бір рет кездесу өткізетін болады. Бұл туралы Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтің төрағалығымен өткен әкім жанындағы жастар саясаты жөніндегі кеңес отырысында айтылған болатын. Жастардың бүгінгі мәселесінің оң шешімі жарқын болашақтың кепілі екендігі белгілі. Заман талабына сай өзгеріп отыратын бұл мәселелер ауқымды талдау мен жүйелі шешім жолдарын қажет етеді. Ал, мәселенің мәнін дұрыс анықтау, жастармен жүйелі кездесулер мен диалогтар арқылы мүмкін екені анық. Осы мақсатта Шымкенттегі 4 ауданның жастары 4 блогқа бөлініп, олармен тұрақты кездесулер өтіп тұрады.

Алдыңғы жаңалық

Коронавирустың таралмауы бойынша нақты тапсырмалар берілді

Келесі жаңалық

М.Әйтенов коммуналдық қызмет көрсетушілерге ескерту жасады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


ИП Дауренова Р.Б.
г. Шымкент
+7 707 734 9594
info@saraptimes.kz

Пайдаланушылық келісім

Saraptimes.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде saraptimes.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Билік
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Білім
  • Спорт

saraptimes.kz ақпарат агенттігі