Понедельник, 20 апреля, 2026
  • Бізбен хабарласыңыз
saraptimes.kz
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
saraptimes.kz
No Result
View All Result
Home Экономика

Еңбекші ауданында 3 өндірістік аймақ бар

23 июля, 2022
in Экономика, Қоғам
0
Еңбекші ауданында 3 өндірістік аймақ бар
0
SHARES
10
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қаласы әкімі Мұрат Дүйсенбекұлы Әйтеновтің Еңбекші ауданы тұрғындарымен өткен есепті кездесуінде аудан әкімі Досбол Есілбек негізгі көрсеткіштерді атап, жоспарлармен таныстырды.
Еңбекші ауданында 27 ірі және орта кәсіпорындар жұмыс істейді. Оның ішінде 3 өндірістік аймақта (Оңтүстік Индустриалды аймағы, Ордабасы ИА, Оңтүстік АЭА) 123 жоба іске қосылған. Бұл жылы аймақтарда 713 жұмыс орнымен 12 жоба жүзеге аспақ.
Мемлекет басшысының 2025 жылға қарай өңдеу өнеркәсібінің экспортын 1,5 есеге көбейту туралы тапсырмасына сәйкес, жаңадан «Жұлдыз» индустриалды аймағы ашылуда. Қазіргі таңда инженерлік инфрақұрылыммен қамту жұмыстары жүруде.
Одан бөлек, Еңбекші ауданында 35 елдімекен, яғни тұрғындардың 94,4 пайызы ауыз сумен қамтылған. 2022-2023 жылдары қамту көрсеткішін 98 пайызға жеткізу мақсатында биыл 6 елдімекенде (Қарабастау, Қаратөбе, Жұлдыз, Жыланбұзған, Айнатас, Тоғыс) құрылыс жұмыстары басталып, келесі жылы аяқталады.
Кәріз жүйесімен қамту көрсеткішін 59 пайызға жеткізу үшін осы Мирас, Шапағат-2, Ұлағат, Солтүстік Шығыс шағын аудандарында құрылыс жұмыстары жүргізілуде, жыл соңына дейін аяқталады. Ал Жұлдыз тұрғын алабында құрылыс биыл басталып, келер жылы қолданысқа беріледі.
Ауданды электр желісімен қамту келер жылы толығымен жүзеге асады. Осы мақсатта Абдулабад, Тоғыс, Тұрдыабад, Маятас, сондай-ақ, Оңтүстік, Айнатас елдімекендерінің жаңа құрылыс аумағында құрылыс жұмыстары жүргізілуде.
Сонымен қатар, табиғи газбен қамту көрсеткішін бұл жылы 90,7 пайызға жеткізу жоспарланған. Тоғыс, Елтай, Оңтүстік, Жыланбұзған, Қарабастау елдімекендеріне газ жүйесін тарту үшін ЖСҚ әзірленуде. Құрылыс жұмыстары алдағы жылы басталмақ.
Мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында өткен жылы 18 көше жарықтандырылған болса, бұл жылы 34 көше жоспарда тұр.

Алдыңғы жаңалық

М.Әйтенов Еңбекші ауданы тұрғындарымен есепті кездесу өткізді

Келесі жаңалық

6 елдімекенде ауызсу құрылысы басталды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


ИП Дауренова Р.Б.
г. Шымкент
+7 707 734 9594
info@saraptimes.kz

Пайдаланушылық келісім

Saraptimes.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде saraptimes.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Билік
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Білім
  • Спорт

saraptimes.kz ақпарат агенттігі