Вторник, 9 июня, 2026
  • Бізбен хабарласыңыз
saraptimes.kz
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
saraptimes.kz
No Result
View All Result
Home Спорт

А. Асқаров атындағы қалалық BI CHESS рейтингілік турнирі басталды

23 июля, 2022
in Спорт
0
А. Асқаров атындағы қалалық BI CHESS рейтингілік турнирі басталды
0
SHARES
12
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қаласының Орталық саябақ аумағында Асанбай Асқаров атындағы шахматтан қалалық BI CHESS рейтингілік турнирі өтуде, деп хабарлайды saraptimes.kz. Аталған сайыс бұқаралық спортты дамыту мақсатында алғаш рет ұйымдастырылып отыр. Тағылымды іс-шараны бүкіләлемдік шахматшылар күні қарсаңында BI group компаниясы ұйымдастырды. Турнирде 2-ші санаттан жоғары шеберлер мен арнайы іріктеу турынан өткен әуесқойлар бақ сынап жатыр. Жарысқа қатысуға жалпы 120-дан астам қала тұрғыны өтініш берді. Жеңімпаздар FIDE ережесіне сай анықталып, арнайы жүлделермен марапатталады. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер бүгін анықталады. Сонымен қоса, жақында «Visit Shymkent» орталығы туристік индустрия өкілдерінің арасында шахматтан Қазақстанның жеті дүркін чемпионы, қазақ қыздары арасынан шыққан тұңғыш гроссмейстер Гүлісхан Нахбаевамен бірсеанстық ойын ұйымдастырған болатын. Үш сағаттан аса жалғасқан сайысқа жалпы саны 12 ойыншы қатысты. Нәтижесінде 11-ін жеңіп, 1 қатысушымен тең ойнады. Ойыншылар қатарында спорт шеберлігіне үміткерлер де болды. Аталған іс-шараның мақсаты — «Шымкент – еліміздің шахмат астанасы» брендін дамыту әрі туристік сала өкілдерінің интеллектуалды ойынға қызығушылықтарын арттыру. Ал, интеллектуалды ойында белсенділік танытқан қатысушыларға арнайы “Visit Shymkent” орталығы атынан алғыс хаттар табысталды. Бүгінгі таңда, Шымкент қаласында шахматтың қарқынды дамуына барлық мүмкіндіктер бар. Қала мектептерінде шахмат арнайы пән ретінде енгізілген. Сондай-ақ 2021 жылы «Шымкент – еліміздің шахмат астанасы» брендін қалыптастыру аясында шахматтан 8-18 жастағы жасөспірімдер арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионаты үшінші мегаполисте өткен болатын. Айта кетейік, 1966 жылдан бастап 20 шілде Халықаралық шахмат күні ретінде тойланады. Бұл мереке 1924 жылы құрылған Әлемдік шахмат федерациясы шешімімен бекітілген.

Алдыңғы жаңалық

6 елдімекенде ауызсу құрылысы басталды

Келесі жаңалық

Еңбекші ауданында 132 көше жөнделуде

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


ИП Дауренова Р.Б.
г. Шымкент
+7 707 734 9594
info@saraptimes.kz

Пайдаланушылық келісім

Saraptimes.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде saraptimes.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Билік
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Білім
  • Спорт

saraptimes.kz ақпарат агенттігі