Суббота, 5 сентября, 2026
  • Бізбен хабарласыңыз
saraptimes.kz
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
saraptimes.kz
No Result
View All Result
Home Пікір

Шымкенттің бас жоспарына қатысты тұрғындардан 149 сұрақ пен ұсыныс келіп түсті

23 июля, 2022
in Пікір, Қоғам
0
Шымкенттің бас жоспарына қатысты тұрғындардан 149 сұрақ пен ұсыныс келіп түсті
0
SHARES
13
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Бүгін Шымкент қаласы бас жоспарының жобасын ашық қоғамдық талқылау мәресіне жетті. Бір ай бойы жалғасқан талқылауға 2 мыңнан адам қатысып, 149 ұсыныс келіп түсті.
Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов журналистерге берген сұхбатында мәлімдеді.
–Тұрғындар тарапынан келіп түскен сұрақтар мен ұсыныстардың арасында ең жиі қозғалғаны инженерлік жабдықтау және қоғамдық көлікті дамыту мәселесі. Бұл бағытта 30 ұсыныс пен сұрақ түскен. Сондай-ақ, қала аумақтарын абаттандыру және саябақ салу жөнінде 24 ұсыныс болса, қоршаған ортаны қорғау бойынша 11 ұсыныс түсті. Қабылданған ұсыныстар салалар бойынша құзіретті мемлекеттік органдармен бірге сараланады. Сөйтіп олармен келісе отырып бас жоспардың жобасына өзгерістер енгізілуі мүмкін, – деді Мақсұт Пернебайұлы.
Айта кетейік, жоғарыда айтылғандардан бөлек қызыл сызыққа қатысты – 9, ЖОО, мектеп, балабақша және емхана, музей салу жөнінде – 9, спорт және демалыс орындарын салу туралы – 9, Нұршуақ шағынауданында саябақ аумағын қайта құрау бағытында – 5 және көпқабатты үйлер салу мәселесі бойынша 3 ұсыныс түскен.
Оған қоса тұрғындарды қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуы, өндіріс аймақтарын салу және сәулет-жоспарлау жұмыстарын тиімді ұйымдастыру мәселелері де мазалайды екен. Бұл бағыттардың әрқайсысы бойынша көптеген ұсыныстар мен сұрақтар түскен. Талқылау барысында тұрғындар бас жоспарға қатысы жоқ 21 ұсынысын да айтыпты.

Алдыңғы жаңалық

Шымкенттің бас жоспарына қатысты ұсыныстар сараланды

Келесі жаңалық

Қала әкімі "СТАНДАРТ" индустриялды аймағына барды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


ИП Дауренова Р.Б.
г. Шымкент
+7 707 734 9594
info@saraptimes.kz

Пайдаланушылық келісім

Saraptimes.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде saraptimes.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Билік
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Білім
  • Спорт

saraptimes.kz ақпарат агенттігі