Понедельник, 20 апреля, 2026
  • Бізбен хабарласыңыз
saraptimes.kz
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
saraptimes.kz
No Result
View All Result
Home Мәдениет

Шымкентте «Бай, Қуатты Болайық!» көшпелі көрмесі ашылды

27 июля, 2022
in Мәдениет
0
Шымкентте «Бай, Қуатты Болайық!» көшпелі көрмесі ашылды
0
SHARES
8
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

 

Шымкенттегі Түркістан облыстық тарихи-өлкетану музейінде танымал тележурналист Нұртілеу Иманғалиұлының 70 жылдығына орай ұйымдастырылған «Бай, қуатты болайық!» көшпелі көрмесі өз жұмысын бастады, деп хабарлайды saraptimes.kz Мұнда телдевизия тарланының 170-ке тарта көзі тірісінде қолданған заттар мен қолжазбалары, марапаттары қойылған. Тағылымды шараның ашылу рәсіміне Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан қатысып, қала әкімі Мұрат Әйтеновтың атынан жиынға қатысушыларға құттықтауын жеткізді. – Қазақ журналистикасының, оның ішінде қазақ телевизиясының тарихында, қалыптасу және даму барысында Нұртілеу Иманғалиұлының алатын орны ерекше. Бүгінгі таңда ақпарат және медиа кеңістігінде елге қызмет етіп жүрген көптеген журналистирге аға болған, ұстаз болған Нұр-ағаның тұлғасы қашанда қазақтың биігінде болады, — деді Шыңғыс Жұмабекұлы. – Бұл іс-шара Нұртілеудің көзі тірі кезіндегі өз арман-мақсаты болатын. «Жетпіске толғанымда елдің түкпір-түкпірін аралап көрермендеріммен кездесемін, арқа-жарқа араласамын, білгенімді жастарға үйретемін», — деген ниетте еді. Өкінішке орай, ол арманына жете алмады. Ол ғұмырының 45 жылын қазақ телевизиясына арнады. Соңында келе жатқан біздер Нұртілеудің мұратын жүзеге асырсақ деген әрекетпенен жүрміз. Осы шараның өтуіне қолдау білдірген Шымкент қаласының әкімдігіне, Түркістан облысы мәдениет басқармасына алғысымыз шексіз. Қала тұрғындарын Нұртілеу Иманғалиұлының өмірі мен шығармашылығынан кеңінен хабардар ететін көрмеге шақырамын», — деді белгілі журналистің жары. Көрме бұған дейін Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында өткен. Алдағы уақытта көрме керуені Қазақстанның басқа да қалаларына көш басын тіремек. Айта кетейік, Шымқалада «Бай, қуатты болайық!» көрмесі екі апта бойына жалғасады.

Алдыңғы жаңалық

Жаңа оқу жылына дайындық

Келесі жаңалық

Шымкент 2024 жылға дейін 100 пайыз мобильді интернетпен қамтылады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


ИП Дауренова Р.Б.
г. Шымкент
+7 707 734 9594
info@saraptimes.kz

Пайдаланушылық келісім

Saraptimes.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде saraptimes.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Билік
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Білім
  • Спорт

saraptimes.kz ақпарат агенттігі