Пятница, 17 апреля, 2026
  • Бізбен хабарласыңыз
saraptimes.kz
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
saraptimes.kz
No Result
View All Result
Home Денсаулық

Ковидтің жаңа толқынына дайындық жұмыстары жүргізілуде

30 июля, 2022
in Денсаулық
0
Ковидтің жаңа толқынына дайындық жұмыстары жүргізілуде
0
SHARES
16
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter


Шымкент қаласында коронавирус инфекциясының жаңа толқынына дайындық жұмыстары жүргзіліп жатыр, деп хабарлайды saraptimes.kz. Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан қаладағы бірқатар медициналық мекемелердің дайындығын тексеріп, жауапты басшыларға бірқатар тапсырмалар жүктеді. Қалалық жұқпалы аурулар ауруханасында КВИ жұқтырған 32 науқас ем қабылдап жатыр. Науқастардың жағдайы тұрақты. КВИ жұқтырған азаматтарды емдеуге барлық жағдай жасалған. Дәрілік заттардың 2 айлық қоры бар. Қала әкімінің бірінші орынбасары ауруханадағы жаңадан салынған оттегі тарату стансасының жұмысымен танысып, дәріхана қорын аралап көрді. Сонымен қоса, қалалық №5 емханада тиісті жұмыстар атқарылуда. Онда күніне 50-ден астам адам ревакциналаудан өтеді. Шыңғыс Жұмабекұлы мекемедегі вакциналау бекетін және ситуациялық орталықтың жұмыс барысын бақылады. № 3 қалалық емханада да вакциналау қарқынды жүргізілуде. Қазіргі уақытта Шымкент қаласында да коронавирус инфекциясын жұқтырғандар анықталып отыр. Қалада вакцина қоры жеткілікті. Қажетті төсек-орындар дайындалды. Қала әкімінің бірінші орынбасары медициналық мекеме басшыларына вакциналау жұмыстарын жүйелі ұйымдастыруды тапсырды. Екпені халыққа дұрыс түсіндіріп, тұрғындардың өз еркімен егу керек. Вакциналау жұмыстары құқық қорғау органдары тарапынан қатаң тексерілуде. Айта кетейік, қалада 45 екпе нысаны бар. 1-ші компонентпен 619 490 адам, 2-ші компонентпен 607 859 азаматқа егілді. Бүгінгі күні тиісті контингенттің (596205 адам) 1-ші компонентпен 105%, 2-компонентпен 101% вакцинацияланды. Шымкент қаласының тұрғындарына вакцинаның үшінші дозасымен бүгінге 354 719 адам (59%) ревакцинацияланды (жоспар 596 205), төртінші дозасымен 15 032 адам (94%) қайта ревакцинацияланды (жоспар 15 928).

Алдыңғы жаңалық

Әл-Фараби ауданы тұрғындарымен есепті кездесу өтті

Келесі жаңалық

Әл-Фараби ауданы биыл ауыз су, электр, табиғи газ жүйесімен толық қамтылады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


ИП Дауренова Р.Б.
г. Шымкент
+7 707 734 9594
info@saraptimes.kz

Пайдаланушылық келісім

Saraptimes.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде saraptimes.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Билік
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Білім
  • Спорт

saraptimes.kz ақпарат агенттігі