Понедельник, 20 апреля, 2026
  • Бізбен хабарласыңыз
saraptimes.kz
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
saraptimes.kz
No Result
View All Result
Home Қоғам

Асар-2 елдімекеніндегі ауыз су құрылысы жалғасуда

2 августа, 2022
in Қоғам
0
Асар-2 елдімекеніндегі ауыз су құрылысы жалғасуда
0
SHARES
16
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қаласы Қаратау ауданына қарасты Асар-2 елдімекенінде ауыз су (2-кезек) құрылысы жүргізілуде, деп хабарлайды saraptimes.kz. Биыл 10 маусымнан басталған құрылыс жұмысының бүгінде 40 пайыздан астамы аяқталды. Яғни, жоспарланған 54,2 шақырымдық су құбырының 21,5 шақырымы тартылды. Құрылысын жыл соңына дейін аяқтап, пайдалануға беру жоспарланып отыр. Нәтижесінде Асар-2 елді мекеніндегі 1000 тұрғын үй сапалы ауыз сумен қамтылады. Ал, сапалы электр қуаты және табиғи газбен қамту құрылысы биыл басталып, 2023 жылы аяқталады. Сонымен қатар, шағын аудандағы Нұрлы жол және №4 көше жарықтандырылады. Айта кетейік, 2021 жылдың қорытындысы бойынша,барлығы 10 елді мекенде құрылыс жұмыстары аяқталған. Нәтижесінде Тұран, Асар-2, Солтүстік саяжай, Ынтымақ-2, Батыс, Жаңатұрлан және Ақтас-2, Жаңаталап, Сәуле (276 орам) және Нұртас елді мекенінде ауыз су мәселесі түбегейлі шешілді. Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде қамтылу көрсеткіші 95,6%-дан, 98%-ға өскен. Сонымен қатар, 3 магистралды суаққының құрылысы аяқталып пайдалануға берілді. Аталған басқармалардың дерегінше, қазіргі таңда қаладағы 81 елді-мекеннің 78-і сапалы ауыз сумен толық қамтылған. Ал қалған Құрсай, Сайрам, Қайнарбұлақ тұрғын алабына ауыз су кестемен беріледі. 2022 жылы 4 нысанның құрылыс жұмыстары жүргізіледі. Нәтижесінде қамтылу көрсеткіші 98%-дан, 99%-ға өседі деп күтілуде. (фото: Құрсай елдімекенін ауыз сумен қамту құрылысы кезінде түсірілген) Сондай-ақ, Сайрам елді мекенін сапалы ауыз сумен қамту бойынша жобалық-сметалық құжаттама әзірленуде, құрылыс жұмыстары 2023 жылы аяқталады. Ал, Асар 2-нің жаңақұрылысының сумен қамтылуы келер жылға өтпелі. Алдағы жылдың жоспары бойынша 3 магистралды суаққы салынып, қолданысқа берледі. Осы айтылған жұмыстар уақытында орындалар болса, 2023 жылы миллионды қаланың ауызсумен қамту көрсеткіші 100 пайызға жетпек.
Құ

Алдыңғы жаңалық

Маусым айында 17-мыңға жуық арыз-шағым шешімін тапқан

Келесі жаңалық

Шымкент:Мемлекеттік гранттар мен кәсіпкерлікке оқыту курстары ақысыз және қолжетімді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


ИП Дауренова Р.Б.
г. Шымкент
+7 707 734 9594
info@saraptimes.kz

Пайдаланушылық келісім

Saraptimes.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде saraptimes.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Билік
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Білім
  • Спорт

saraptimes.kz ақпарат агенттігі