Вторник, 9 июня, 2026
  • Бізбен хабарласыңыз
saraptimes.kz
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
saraptimes.kz
No Result
View All Result
Home Қоғам

Этномедиацияны дамыту бойынша семинар-тренингтер өтуде

17 августа, 2022
in Қоғам
0
Этномедиацияны дамыту бойынша семинар-тренингтер өтуде
0
SHARES
9
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter


Шымкент қаласында «Этносаралық саладағы қақтығыстарды реттеу және медиация рәсімдерін өткізудің өзекті технологиялары» тақырыбында семинар-тренинг өтуде, деп хабарлайды saraptimes.kz. Екі күнге жоспарланған іс-шараға этномәдени бірлестіктердің, ҮЕҰ, мемлекеттік қызметкерлер мен ҚХА-ның қоғамдық медиаторлары қатысып жатыр. Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының басшысы Мұратжан Шотанов этномедиаторлар мен кәсіби келіссөз жүргізушілерді даярлаудың маңыздылығына тоқталып өтті. – Мемлекет басшысы этносаралық қарым-қатынаста медиацияның маңызын атап өтіп, келіссөз жүргізетін кәсіби мамандарды дайындау бойынша тапсырма берген болатын. Семинар-тренинг этносаралық саладағы қақтығыстарды реттеу, медиацияның мәні мен маңызын, әдісі мен тәсілдерін түсіндіру, кәсіби медиаторлар мен келіссөз жүргізушілерге нақты ұсыныстар беру мақсатында ұйымдастырылып отыр. Шымкент қаласында 4 медиация орталығы жұмыс істейді. Орталықтың 9 медиаторы қалалық ҚХА жанындағы медиация кеңесінің құрамына енді, – деді басқарма басшысы. Халықаралық медиация институтының директоры, кәсіби медиатор, конфликтолог Жанар Үсіпбекова, «Еуразиялық медиация орталығы» қоғамдық бірлестігінің басшысы Лаура Ақшегірова этносаралық психология, әлеуметтік медиациядағы коммуникациялық менеджмент, этноконфликтология тақырыбында дәріс оқиды. Этносаралық саладағы қақтығыстарды реттеу, алдын-алу бағытындағы семинар-тренинг Шымкент қаласынан бастау алды. Іс-шара соңында қатысушыларға арнайы сертификаттар беріледі. Айта кетейік, бүгінгі таңда, Шымкент қаласы аумағындағы 23 тұрғын алапта этнос өкілдері қоныстанған. Осы аумақтағы тұрақтылықты сақтау, мемлекеттік саясат пен қолданыстағы заң талаптарын түсіндіру, жағымсыз жағдайлардың алдын алу бағытындағы жұмыстар жалғасуда.

Алдыңғы жаңалық

Мұратбаев көшесінде орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде

Келесі жаңалық

«Мектепке жол» акциясы аясында 500 балаға оқу-құралы берілді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


ИП Дауренова Р.Б.
г. Шымкент
+7 707 734 9594
info@saraptimes.kz

Пайдаланушылық келісім

Saraptimes.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде saraptimes.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Билік
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Білім
  • Спорт

saraptimes.kz ақпарат агенттігі