Воскресенье, 19 апреля, 2026
  • Бізбен хабарласыңыз
saraptimes.kz
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
saraptimes.kz
No Result
View All Result
Home Білім

А.Навои атындағы №11 мектептің ғимараты күрделі жөндеуден өтуде

17 августа, 2022
in Білім
0
А.Навои атындағы №11 мектептің ғимараты күрделі жөндеуден өтуде
0
SHARES
17
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов бүгін күрделі жөндеуден өтіп жатқан А.Навои атындағы №11 жалпы орта мектебіне барды, деп хабарлайды saraptimes.kz. Аталмыш білім ошағы осы кезге дейін күрделі жөндеу көрмеген. Биыл шатырынан бастап, есік, терезе, еденіне дейін толық жаңартылды. Жылу жүйелері 100%-ға ауыстырылып, жаңа қоршау салынды. Сонымен қатар, химия, физика, биология, информатика т.б. зерттеу-лабороториялық кабинеттері қосылды. 250 ноутбук, 100 компьютер, 10 панель сатып алынды. — Мұның барлығы үлкен жұмыс және жауапкершілік. Жаңа оқу жылы қарсаңында оқушылар жаңа ғимаратқа көшкендей әсерде болады деп ойлаймын. Қандай да ақау шықса, жауапты мердігер мекеме жіберген қателіктерін 5 жыл ішінде қайта түзеп беруі тиіс. Осы жағын дұрыстап қадағалаңыздар, — деді әкім. Әзірге жұмыстың 85% орындалған. Күрделі жөндеу қыркүйекке дейін толық аяқталмақ. Шаһар басшысы М.Әйтенов Сайрам тұрғын алабындағы Ю. Сареми атындағы №107 мектеп-лицейінің де құрылыс жұмыстарын тексерді. 2000 орынға арналған мектеп 3 қабаттан тұрады. Бұл білім ошағының жылу жүйесі 11 жыл бұрын ауыстырылса, шатыры мен бірнеше есік-терезесінің қойылғанына 8 жыл болған. Биыл ғимараттың тозығы жеткен тұстары бүтінделіп, шатырының 955 м2 ауысты, электр жүйелері 100%-ға жаңарды. Информатика, физика, химия, биология, логопед кабинеттері заман талабына сай жаңғырып, 2 интерактивті тақта, 350 ноутбук, 130 компьютер, 200 планшет, 8 панель сатып алынды. Ғимарат құрылысын тексеру барысында қала әкімі бірнеше кемшіліктерді байқап, ескертулер жасады. Барлық кем-кетік жойылғаннан кейін мектеп оқушыларға есігін ашпақ. Жалпы білім ошағы жаңа оқу жылына 90%-ға дайын. Қазіргі таңда аяқ жолдар төселіп, асфальттау жұмыстары жүруде. Айта кетейік, 2021-2022 оқу жылында қаламыздағы 203 мектепте 242 525 оқушы білім алса, оның ішінде 11 сыныпта — 11 189 оқушы, 9 сыныпта – 19 251 оқушы.

Алдыңғы жаңалық

№ 107 мектеп-лицейі қайта жаңғырды

Келесі жаңалық

«Шымкент Сити» - мегаполистің болашағын айқындайтын жоба

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


ИП Дауренова Р.Б.
г. Шымкент
+7 707 734 9594
info@saraptimes.kz

Пайдаланушылық келісім

Saraptimes.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде saraptimes.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Билік
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Білім
  • Спорт

saraptimes.kz ақпарат агенттігі