Воскресенье, 19 апреля, 2026
  • Бізбен хабарласыңыз
saraptimes.kz
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
saraptimes.kz
No Result
View All Result
Home Білім

А.Байтұрсынов атындағы №50 мектеп-гимназия құрылысы бітуге жақын

19 августа, 2022
in Білім
0
А.Байтұрсынов атындағы №50 мектеп-гимназия құрылысы бітуге жақын
0
SHARES
10
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter


Шымкент қаласындағы А.Байтұрсынов атындағы №50 мектеп-гимназиясының құрылысы жақында аяқталады, деп хабарлайды saraptimes.kz. Шымкентте ескі мектептер күрделі жөндеуден өтуде. Соның бірі – А.Байтұрсынов атындағы №50 мектеп-гимназиясы. Құрылыс жұмыстарын көруге арнайы барған шаһар басшысы жауапты тұлғаларға тапсырылған істің сапалы орындалуын талап етті. Қазіргі таңда А.Байтұрсынов атындағы №50 мектеп-гимназиясының ішкі бөлмелері сыланып, есік, терезе, электр жүйелері жаңартылуда. Алғашқы әскери дайындық, робототехника, биология, химия, физика кабинеттері де заман талабына сай жабдықталды. Қосымша су жаңа 500-ноутбук, 150 компьютер, 100 планшет сатып алынды. Ғимаратты аралау барысында шаһар басшысы жұмыстың жүйелі түрде атқарылып жатқанына көз жеткізді. «Құрылысты мерзімінде тапсыруға асығамыз деп, сапаны естен шығармайық»-деген қала әкімі тиісті сала басшыларына құрылыс қарқынын жіті бақылауды тапсырды. Мұнда күрделі жөндеу жұмыстарының 65%-ы біткен. Ендігі кезекте «отмостка» құю, сыртқы қоршауды салу, көгалдандыру сынды шаруалар атқарылуы тиіс. Сонымен қоса, А.Навои атындағы №11 мектептің ғимараты күрделі жөндеуден өтуде. Аталмыш білім ошағы осы кезге дейін күрделі жөндеу көрмеген. Биыл шатырынан бастап, есік, терезе, еденіне дейін толық жаңартылды. Жылу жүйелері 100%-ға ауыстырылып, жаңа қоршау салынды. Сонымен қатар, химия, физика, биология, информатика т.б. зерттеу-лабороториялық кабинеттері қосылды. 250 ноутбук, 100 компьютер, 10 панель сатып алынды. — Мұның барлығы үлкен жұмыс және жауапкершілік. Жаңа оқу жылы қарсаңында оқушылар жаңа ғимаратқа көшкендей әсерде болады деп ойлаймын. Қандай да ақау шықса, жауапты мердігер мекеме жіберген қателіктерін 5 жыл ішінде қайта түзеп беруі тиіс. Осы жағын дұрыстап қадағалаңыздар, — деді әкім. Әзірге жұмыстың 85% орындалған. Күрделі жөндеу қыркүйекке дейін толық аяқталмақ.

Алдыңғы жаңалық

Мал сатуға тыйым салынады

Келесі жаңалық

Халықаралық «BARCAMP–2022» Шымкенттен басталды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


ИП Дауренова Р.Б.
г. Шымкент
+7 707 734 9594
info@saraptimes.kz

Пайдаланушылық келісім

Saraptimes.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде saraptimes.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Билік
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Білім
  • Спорт

saraptimes.kz ақпарат агенттігі