Понедельник, 20 апреля, 2026
  • Бізбен хабарласыңыз
saraptimes.kz
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
saraptimes.kz
No Result
View All Result
Home Мәдениет

А.Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай жас ақындар айтысы өтті

19 августа, 2022
in Мәдениет
0
А.Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай жас ақындар айтысы өтті
0
SHARES
17
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкентте қалалық әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығының ұйымдастыруымен Алаштың арда ұлы – А.Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойы аясында «Салт-дәстүрдің саңылағы һәм ұлт ұстазы» атты жас ақындар айтысы өтті. Жыр додасына Шымкент қаласы мен Түркістан облысы және Нұр-Сұлтан қаласынан келген 10 айтыскер ақын қатысты. Ақындардың өнеріне ҚР Мәдениет қайраткері Бекарыс Шойбеков, ақын, «Парасат» орденінің иегері Ханбибі Есенқарақызы және филология ғылымдарының кандидаты Мамыт Амангелді Алтыбайұлы қазылық етті. Айтыста сахнаға көтерілген 5 жұп ұлы ұстаздың ұлт руханиятындағы орнын жырларына арқау етіп, шешен тілдің шеберлігін көрсетті. Нәтижесінде І орынды шымкенттік бала ақын Аллажар Сапархан қанжығасына байласа, ІІ орынды Сарыағаш ауданынан келген Елсияр Құлахмет еншіледі. Жүлделі ІІІ орынды Отырар ауданының ақыны Баянбай Ахметрасул иеленді. А.Байтұрсынов атындағы арнайы жүлде Нұр-Сұлтаннан келген Аян Ниязбектің қанжығасына байланды. Айтысқа қатысқан барлық жас ақынға арнайы сыйлықтар мен алғыс хат табысталды. Мемлекет жəне қоғам қайраткері, көрнекті ғалым, қазақ тіл білімінің негізін қалаушы, əдебиет зерттеуші, түркітанушы, ақын, публицист, педагог, аудармашы А.Байтұрсынұлының еңбектерін зерттеу елімізде 1988 жылдан бастап қолға алынды. Биыл ұлт тұлғасының 150 жылдық мерейтойының ЮНЕСКО көлемінде аталып өтілуі – қазақ елі үшін үлкен мәртебе. Расында, Ахмет Байтұрсынұлы қазақ тіл білімі ғылымның дамуына орасан еңбек сіңірген ұлт тұлғасы. «Тіл құрал», «Оқу құралы», «Әдебиет танытқыш» басқа да еңбектері қазақты қайтіп көркейтемін, қазақ баласын қалай сауаттандырамын деген ұлттық мәселелерден туындаған. Егер өзін ұлтқа қызмет етемін, жас ұрпақты тәрбиелеймін, жас буынның санасына білім ұрығын егемін дейтін жан болса, онда ол Ахмет Байтұрсынұлының мол мұрасынан айналып өтпеген болар еді. табысталды.

Алдыңғы жаңалық

Шымкент ХҚКО-лары арқылы жеті айда 112 мың паспорт пен жеке куәлік берілді

Келесі жаңалық

Асар-2 елді мекені инфрақұрылыммен қамтылуда

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


ИП Дауренова Р.Б.
г. Шымкент
+7 707 734 9594
info@saraptimes.kz

Пайдаланушылық келісім

Saraptimes.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде saraptimes.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Билік
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Білім
  • Спорт

saraptimes.kz ақпарат агенттігі