Понедельник, 20 апреля, 2026
  • Бізбен хабарласыңыз
saraptimes.kz
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
saraptimes.kz
No Result
View All Result
Home Қоғам

«Елтай» тұрғындарының мәселесі аудан әкімінің бақылауында

19 августа, 2022
in Қоғам
0
«Елтай» тұрғындарының мәселесі аудан әкімінің бақылауында
0
SHARES
10
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter


Шымкент қаласы, Еңбекші ауданының əкімі Досбол Есілбек «Елтай» тұрғын алабын аралап, тұрғындармен кездесу өткізді, деп хабарлайды saraptimes.kz. Кездесу барысында туындаған жәйттер мекенжай басында талқыланып, әсіресе тұрғындар көтерген су мәселесінің шешу жолдары айтылды. Атап айтсақ, алпыстан астам тұрғын үйлерге беріліп отырған судың қысымы өте аз. Оған жекеменшік есебінен тартылған құбырдың су жеткізу қуаттылығы төмендігі себеп болып отыр. Осы олқылықтардың орнын толтыру үшін тұрғын үйлерге арналып жаңадан орталықтандырылған ауыз су құбырын тарту «Су ресурстар-Маркетинг» ЖШС-нің инвестициялық бағдарламасы аясында қарастырылуда. Сондай-ақ, алабтағы орналасқан 4 тұрғын үйге көлік қатынайтын жол ашу қажеттігі де айтылды. Жер телімдері бұрынырақ Төлеби ауданы әкімдігі тарапынан берілген болатын. Жол түсуі тиіс жер телімі «Сарем» ӨК-нің теңгерімінде. Бұл мәселені де оңтайлы шешу үшін тиісті шаралар қабылданатын болды. Сонымен бірге, тұрғындар осы елді-мекендегі «Ынтымақ» кафесі жанына бейнебақылау орнатуды сұрастырды. Аталған жерге бейне бақылау орнату бойынша құзырлы мекемелерге өтінімдер жолданғаны да атап өтілді. «Елтай» тұрғын алабының тұрғындарымен кездесудің қорытындысы бойынша айтылып, көрсетілген мәселелер аудан әкімінің тұрақты бақылауында болатын болды. Сонымен қоса, Еңбекші ауданына қарасты «Маятас» тұрғын алабының тұрғындары «Бадам» каналының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөнінде мәселе көтерген болатын. Аталған мәселе бойынша Еңбекші ауданы әкімі Досбол Есілбек тұрғындардың мәселесін жіті тыңдады. Бүгінде аталған мәселе бойынша «Бадам» каналынан өтетін Көзді ата көшесіндегі көпірге және канал жағалауына қауіпсіздік қоршаулары орнатылды. Айта кетейік, ауданда ауыз сумен қамту үшін 8 нысанның, кәріз жүйесінде – 19, электрмен жабдықтауда – 16, газдандыруда — 18 нысанның құрылысы жүргізілуде. Нәтижесінде ауыз сумен қамту деңгейі – 99%, кәрізбен қамту – 60%, электрмен қамту – 99%, табиғи газбен қамту – 94,7% жететін болады.

Алдыңғы жаңалық

Асар-2 елді мекені инфрақұрылыммен қамтылуда

Келесі жаңалық

Тұрғындар өтініші назарға алынды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


ИП Дауренова Р.Б.
г. Шымкент
+7 707 734 9594
info@saraptimes.kz

Пайдаланушылық келісім

Saraptimes.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде saraptimes.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Билік
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Білім
  • Спорт

saraptimes.kz ақпарат агенттігі